Қазақстан • 15 Тамыз, 2018

Ақтауда «Қазақстанның үздік тауары-2018» байқауы өтеді

182 реткөрсетілді

Ақтау қаласында «Қазақстанның үздік тауары – 2018» өңірлік көрме-байқауы өтеді. Шараға аймақтағы 15 кәсіпорын қатысады.

Биылғы байқауда танымал кәсіпорындармен қатар жаңа тауар өндірушілердің де өнімімен танысуға болады. Көрмеге келушілер жергілікті өніммен танысып қана қоймай, ұнаған бұйымын сатып алып, концерттік бағдарламаны тамашалайды.

«Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы үш аталым бойынша өтеді: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауар», «Халыққа арналған үздік тауар», «Үздік азық-түлік тауары». Сарапшылардан құралған комиссия әр аталым бойынша 3 жеңімпазды анықтайды. Нәтижесінде 9 тауар өндіруші Маңғыстау облысы атынан Астанада өтетін республикалық байқауда бақ сынайды.

«Қазақстанның үздік тауары»- ұлттық бренд деңгейіне көтерілген беделді шара. Сондықтан да байқауға қатысу – кәсіпорындардың өзін танытуға, тауарын жарнамалауға, тұтынушы қатарын арттыруға зор мүмкіндік болып саналады. Сонымен қатар жаңа серіктес табуға, бизнестің жаңа бағытын ашуға да сеп болмақ.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Үйретері көп үйірме

Аймақтар • Бүгін, 08:59

Медицина музейі ашылды

Аймақтар • Бүгін, 08:57

Корей асханасы елордада

Қоғам • Бүгін, 08:55

Омыртқа – бүкіл ағзаның ұстыны

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Ұлы есімдер ұлықталады

Руханият • Бүгін, 08:35

Тектілік феномені

Руханият • Бүгін, 08:27

Ұлық жырдың ұзаны

Руханият • Бүгін, 08:25

«Егеменнің» тойы – елдің тойы

Руханият • Бүгін, 08:10

Ұқсас жаңалықтар