Аймақтар • 15 Тамыз, 2018

Алматыда қалай баспаналы болуға балады?

134 реткөрсетілді

«Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының Баспасөз орталығында «Алматыда қалай баспаналы болуға балады?» тақырыбында Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс банкі» АҚ-ның «Баспана» ипотекалық ұйымының басшыларының қатысуымен брифинг өтті. 

Алдыңғы жылдармен салыстырғанда, бүгінде қазақстандықтардың баспаналы болуында бірнеше мүмкіндік бар. «Нұрлы жер» және «Алматы жастары» секілді ауқымды бағдарламалар жүзеге асырылуда. «7-20-25» бағдарламасының іске асырылуы бұл тұрғыда үлкен серпін көтереді. Бағдарлама бойынша қабылданған өтінімнің қаржысы 15 миллард теңгеден асты. Оның ішінде  шамамен 10 миллиард теңге мақұлданды, -деп атап өтті «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары, қалалық мәслихаттың депутаты Станислав Канкуров.

«7-20-25» бағдарламасыныңең белсенді қатысушылары Алматы қаласының тұрғындары болып табылады. Мақұлданған 10 миллиард 4 миллиард теңгеге ипотекалық несиелерді алматылықтарға беріледі. Жылдың аяғына дейін 20 миллиардтан теңгеге қарыздар беру жоспарланып отыр.

Бағдарламаға меншік құқығында баспанасы және басқа да ипотекалық қарыздары жоқ Қазақстанның әрбір азаматы қатыса алады. Бағдарлама қатысушысының кәсіпкерлік немесе еңбек қызметінен тұрақты расталған кірісі болуға тиіс.

Қарыз алушы еңбек немесе кәсіпкерлік қызметтен кірісінің болуын растайтын құжаттарды, ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша өтелмеген берешегінің болуы туралы мәліметті, тұрғын үйінің болмауы туралы анықтаманы, сатып алатын тұрғын үй құжаттарын және тәуелсіз бағалаушының бағасын ұсынуға тиіс.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» ақпараты бойынша әр 11-ші алматылық тұрғын үйге ақша жинауда. Жалпы ҚТҚЖБ-нің Алматы қалалық филиалында 90,9 млрд теңге сомасына 164000 депозит ашылды. Қазіргі таңда Алматыда 25897 адам баспаналы болды.

Алматы қаласында банктің филиалдарына ай сайын кеңес алу үшін 25000 адам жүгінеді.Орташа есеппен алғанда Алматыда ай сайын 3,8 млрд теңгені құрайтын соммаға банк 350 қарыздар береді. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында биылғы жылы – 1 546, ал 2019 жылы -1 539 адамбаспана алады. «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша 2018 жылы 35 жастан аспайтын  алматылықтарға банк 200 жеңілдікті несие беруді жоспарлап отыр.

Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы хабарлағандай, 2018 жылдың 1-ші жартыжылдығы бойынша 808 пәтер бөлінген. Жыл соңына 1500 ге жуық пәтер бөлінеді деп жоспарлануда. 2017 жылы Тұрғын үй басқармасы басқармасы кезекте тұрғандардың ЗО пайызының тұрғын үй мәселесін шешіп, рекордтық 5885 пәтер бөлді.

2018 жылғы 1 тамыз көрсеткіші бойынша, Алматы қаласы бойынша тұрғын үй кезегінде 22819 адам тұр (2017 ж 1 қаңтар 18255 адамды құрады). Брифингке қатысушы жастар ерекше құлшыныспен сауал тастайды. Олардың көкейінде ертеңге деген сенімді серпін тұрғандай екенін аңғарасыз.

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Жастар белсенділігі жоғары

Қазақстан • Бүгін, 10:37

Тиімді үнқатысу үзілмейді

Қазақстан • Бүгін, 10:34

«Хат қоржын» (18.06.2019)

Қазақстан • Бүгін, 10:24

Іске сәт, жас маман!

Қазақстан • Бүгін, 10:22

Күнә – иесін қорлайды

Қоғам • Бүгін, 10:16

Жасампаз дәуірдің жарқын сәті

Президент • Бүгін, 10:12

Жарқын болашақ жолында

Президент • Бүгін, 09:54

Жүйелі жұмыс нәтижеге бастайды

Аймақтар • Бүгін, 09:42

Бір үзім нан

Қоғам • Бүгін, 09:21

Нарынның Нариманы

Аймақтар • Бүгін, 09:19

Суретшілер Таразда бас қосты

Аймақтар • Бүгін, 09:17

Сахнаның сәні – «SAMGAU»

Руханият • Бүгін, 09:16

Құттықтаулар жалғасуда

Президент • Бүгін, 09:06

Таралым аз, жарнама жеткіліксіз

Руханият • Бүгін, 09:02

Ұқсас жаңалықтар