Аймақтар • 15 Тамыз, 2018

Солтүстік Қазақстанда 48 полиция қызметкері баспаналы болды

42 реткөрсетілді

Тұрғын үй мәселесі  облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләловтың жеке бақылауында тұр.

Биыл оның тікелей бастамасымен ішкі істер органдарының қызметкерлеріне арналған 100 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталып кетті. Ол үшін жергілікті атқарушы органдардың көмегімен «Жас Өркен» ықшам ауданынан жер телімдері бөлінді.

«Жайлы баспанамен қамтамасыз ету өңір тәртіп сақшыларына әлеуметтік қолдау көрсетудің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Бүгінгі таңда 300-ден астам полиция қызметкері пәтер кезегінде тұр. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ арқылы жеңілдікпен несие алу мүмкіндіктерін де қарастырып отырмыз», деген Берік Сұлтанғазыұлы осы мәселеге жауапты мамандарға мемлекеттік бағдарламалардың барлық тармақтарын мұқият зерделеу қажеттігін тапсырды.

Полиция басшылығының жоспарында жаңа жатақхана салу да ойластырылған. Қазіргі уақытта қажетті құжаттар ресімделіп, тиісті орындарға жіберілді. Былтыр  пайдалануға берілген бірінші ведомстволық жатақханада 43 полицей және 60 отбасы мүшесі тұрады. Олар бұған дейін қымбат баспана жалдап келсе енді коммуналдық қызметтерге ғана төлем жасайды.

Жуырда жедел уәкіл Ғалия Ибраева «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалыфқ ұйымы арқылы екі бөлмелі пәтерге қол жеткізді. Полиция подполковнигі Руслан Тоғаев, кадр жұмысы бөлімінің инспекторы Саян Молжігітів те осындай қуанышқа ие болды.

Жыл басынан бері тәртіп сақшылары «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 48 пәтерге қоныстанды.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»,

Солтүстік Қазақстан облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Еділ мен Жайық суы араласты

Аймақтар • Бүгін, 10:04

Ұқсас жаңалықтар