Білім • 15 Тамыз, 2018

Заң кінәлі ме, балл кінәлі ме?

171 реткөрсетілді

Таяуда Алматыдағы Туризм жəне спорт академиясының алдында грантқа өт­пей қалған талапкерлердің ата-аналары­ мен жаттықтырушылары жиналып, Білім және ғылым министрлігі өзгерткен бапқа наразылық білдірді. Олар спорттық жетістіктері өз алдына, жоғары жинаған балдарына қарамастан оқуға түсе алмағандықтарына реніш білдір­ген. 

Грантқа ілікпеген жастардың көбі  рес­публикалық спорт мектептерінің түлектері. Шетелдерде топ жарып, халықаралық спорт бәйгелерінде Қазақстанның қоржынына олжа салып жүрген оқушылар өз еңбектерінің ақталмағандығын айтады. Олардың ішінде бессайыстан жастар арасында Қазақстан чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы, Әділ Ибрагимов есімді спортшы да бар. Әділ 114 балл жинай тұра грантқа ілікпеген. Жиналған қауым оқу ақысының 500 мың теңгені құрайтындығын алға тартып отыр.

Грант мәселесіне қатысты дауға Білім және ғылым министрлігі  мемлекеттік білім гранттары ҰБТ мен КТ нəтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалатындығын айтады. Министрлік өкілдері мәлімдегендей, балдары бірдей болған жағдайда басым құқық алдымен «Алтын белгі» иегерлеріне беріледі. Одан кейін кəсіптік жəне техникалық білімі бар, 1 жылдық еңбек өтілі бар талапкерлерге, үшіншіден, халықаралық байқауларда, ғылыми жобаларда, спорттық жарыстарда жүл­делі орындарды иеленген түлектерге мүм­кіндік берілген. 

«Төртінші санатта мүмкіндігі шектеулі балалардың, ата-анасының қамқорлығынан айырылған, соғыс ардагерлеріне теңестірілген, жастайынан мүгедек балаларға басым құқық берілген. Бұл тек балдары тең келген жағдайда. Биылғы өтініштер бойынша спорттық жарыстардың жүлдегерлерінен 210 түлек грант иеленді», дейді Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру басқармасының басшысы Қарлығаш Шаяхметқызы.

Академия табалдырығынан тауы шағылып қайтқандардың тағы бірі – Людмила Яновиева. Ол да бессайыстан Азия чемпионы бола тұра оқуға құжат өткізе алмаған. «Спортта төккен ащы теріміз бен адал еңбегіміз үшін осы оқу орнында оқитын шығармыз деп ойладық. Мемлекеттік грант саны қысқарғандықтан, ешқайсымыз оқуға қабылдана алмадық. Спорт өз алдына, білімде де бәйге болатынын білеміз. Бірақ осы оқу орнында оқимыз деген арманымызға қол жеткізе алмаудамыз»,  дейді Л.Яновиева.

Спорт және туризм академиясының проректоры Мұхтар Есқалиевтің журналистерге берген мәлімдемесіне сүйенсек, аталған оқу орнына 1122 талапкер-спортшы тіркелген. Алайда жоғарғы жетістікке жеткен спортшылардың 107-сі ғана грантқа ие болған. Проректордың сөзінше, 343 талап­кердің дайындық деңгейі төмен немесе кейбіреуінің спортқа қатысы жоқ деп айтуға болады. «Әрине, бұл жағдай спортшыларға кері әсерін тигізетіні анық. Грантқа түспей қалғандардың көбі есімдері елге белгілі спорт­шылар», дейді  академия басшылығы. 

Бұған дейін халықаралық және республи­калық жарыстардың жеңімпаздары атанған жоғарғы дәрежедегі спортшылардың жетістік­тері оқуға түсу барысында  есепке алынып кел­ген болатын.

«Биыл əр өңірдің жергілікті білім басқар­масы бірнеше мамандыққа қосымша гранттар бөлген. Яғни мемлекеттік грантқа ілікпей қалған, бірақ қосымша грантқа өтініш берген талапкерлердің грант ұтып алуы əбден мүмкін. Облыстардың жергілікті білім басқармалары əр өңірдің қажеттіліктері бойынша біршама мамандықтарға грант бөлді. Құжаттарды қабылдау 5-10 тамыз аралығында өтті. Ал 11-15 тамыз аралығында арнайы комиссия жұмысы жүргізіледі», дейді министрлік өкілі. 

Мирас АСАН,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар

Ұлылар үндескен күн

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Футзал: Бүгін жеребе тартылады

Футбол • 18 Қазан, 2019

Күлкі керуені №4

Руханият • 18 Қазан, 2019

Қазақстанда 200 теңгелік тиын шығады

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ерғали Бақаш

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Мақсат Мәлік

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Есболат Айдабосын

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Нәзира Жәрімбет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Алмаз Мырзахмет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар