Қазақстан • 15 Тамыз, 2018

Алексей Цой жеке қабылдауына жазылған азаматтармен кездесу өткізді

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы А.Цой жеке қабылдауына жазылған азаматтармен кездесу өткізді. 

Алексей Цой жеке қабылдауына жазылған азаматтармен кездесу өткізді

Жиынға Денсаулық сақтау саласының мамандары мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты. Сонымен қатар Денсаулық сақтау ми­нистрінің міндетін атқарушы Алексей Цойға өзінің мәселесін жеткізу үшін өңірлердегі тұр­ғындар бейнеконференцбайланыс арқылы қосылып, талап арыздарын жеткізді. 

Солардың қатарында Жамбыл облысы, Тұрар Рыс­құлов ауданынан тікелей байланысқа шыққан Асхат Файзул­лин жаңа туған бала­сының өліміне қатысты Т.Рыс­құлов атын­дағы аудандық аурухана дәрі­гер­лерінің үстінен шағым айтты. 

Тұрар Рысқұлов ауданы­ның тұрғынының шағымын тыңдаған А.Цой аталған мәселе бойынша Денсаулық сақтау министрлігіне арыз келіп түскенін мәлімдеді. Сондай-ақ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің өкілі осы іс бойынша жоспардан тыс тексеріс жұмыстары жүр­гізіліп жатқанын, тексеріс комиссиясының құрамында тәуелсіз сарап­шылардың бар екенін және олар істі аяқтаған соң Асхат Файзуллинге хабар бере­тін­діктерін жеткізді. 

Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде бейнебайланыстан бөлек, Астана, Көкшетау, Атырау қаласы­ның тұрғындары Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқару­шы А.Цоймен бетпе-бет жолы­­ғып, өз өтініштері мен арыз­шағымдарын тікелей айтуға мүмкіндік алды. Алексей Цой қабылдауға келген бар­лық тұрғынның мәселе­лерін тыңдап, алдағы уақытта тиіс­ті жұмыстар жүр­гізілетінін айтты.

Рауан ҚАЙДАР,

«Егемен Қазақстан»