Аймақтар • 15 Тамыз, 2018

Керекулік өрендер жазды ойдағыдай өткізуде

104 реткөрсетілді

Биыл Кереку өңірінде 765 жазғы лагерь ашылды. Облыс­тық білім беру басқарма­сы­ның мәліметінше, мектеп оқушы­лары­ның жазғы демалысын ұйым­дастыру үшін облыс бюджетінен 285,5 миллион теңге бөлінді. Балаларға арналған 15 күндік сауықтыру орындары үш ауысым бойынша жұмыс істейді. Жазғы лагерьлерге 1-10 сыныптарда оқитын 97 мыңнан астам оқушы, ал мектепалды лагерьлерде 43 мыңнан астам оқушы демалуда.

Балалар лагерінде өткен жаз жеткіншектер мен жас­өс­пірім­дердің есінде қалатыны анық. Биылғы жаздың жақсы жаңа­лығы көп. Айталық, облыс­тық «Жас дәурен» оқу-сауық­тыру орта­лығында «Қазақ-camp» деп ата­латын ерекше жоба ұйымдас­тырылуда. Яғни жоғары сынып оқушыларын тілдік, турис­тік-өлкетану, этномәдени, интеллек­туалдық, спорттық, эко­ло­гиялық, шығармашылық және музыкалық бағытқа арналған демалыс орындары қарсы алды. 370-тен астам қамқоршыларымен тұратын жетім балалар, ата-анасы­ның қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ әлеумет­тік тұрғыдан қорғалмаған отбасы­лар­дың балалары жаппай оқыту қоры есебінен демалыспен және сауық­тырумен қамтылды. Еліміздің киелі жерлері бойынша туристік экскурсиялар өткізу жоспарланған болатын.

Облыстық білім басқарма­сының басшысы Дінислам Болат­ханның айтуынша, «Қазақ-camp» жобасы бойынша балалар жазғы демалыс кезінде хал­қы­мы­з­дың мәде­ниеті мен тілін, өнері мен салт-дәстүрін, тұр­мы­сын зер­де­леп, танымдық ой-сана­ларын ке­ңей­теді. Үйірмелер мен шебер­лік сағат­тары оқушы­ларды ұлттық қол­дан­балы өнер, киіз үй құру, әшекей­лер мен кәдесыйлар жасау, жүн түту, құрақ тігу, жіп иіру, кесте тоқу және ұлт­тық спорт түр­ле­ріне баулиды. Ал дема­лыс аума­­ғында киіз үйлер тігі­ліп, ал­ты­­б­а­қандар орнатылмақ. Ең бас­­ты­сы, балалар киелі жерлерге жаяу саяхаттайды. Мысалы, ма­мыр айында өңірдегі балалар үй­лері­нің тәрбиеленушілері көне қала­лар  Отырар мен Түркістанға, ел жү­регі Астанаға және Баян­ауыл өңі­рінде болды. Жазғы демалыс орын­­­дары­ның балаларды қа­был­­дауға да­йындығын өңірдегі тө­тен­­­ше жағдайлар департаменті жә­не қо­­ғамдық денсаулық сақтау бас­қармасының мамандары тексерді.

Бұл күндері облыс орталы­ғын­дағы Оқушылар сарайында «Хогвартстегі каникулдар» атты жазғы лагерь ашылды. Лагерь бағдарламасында «Шы­ғар­машылық times» креативті, «Бiлiм land» пайдалы білімдер және «Ақпарат.FM» блогі факуль­теттері жұмыс істейді. Өңірдегі экология жылы шеңберінде «Жасыл желек» жобасы да бас­талды. Міндет – әр мектеп ауласын гүлденген баққа айналдыру. Ал Екібастұздағы Достық үйі «Екібастұз» балалар қоры­мен бірлесіп, «Шіркін, life!» жобасын, «Туған өлке саясында» этносаяхатын ұйымдастыруды қолға алды. Қалалар мен ауылдарды абаттандыру жасақтарына жоғары сыныптың 5349 оқу­шысы қатыспақ.

Сонымен бірге эколо­гиялық мәдениетке тәрбие­леу мақсатында оқушылар мектеп орманшылығында көшеттерді күтумен айналысып, табиғатты қорғау шараларының бел ортасында болды. Оқушылар жазғы бос уақыттарында еліміздің ең­бек қатынастары заңнамасына сәй­кес, кәсіпорындар мен шаруа қо­жа­лықтарында уақытша жұмыс іс­тейді. Бұл балалардың еңбекке, кә­сіпке деген қызығушылығын оята­ды. Тағы бір маңызды мәсе­ле, кей ата-аналардың балаларын лагерьге жіберу мүмкіндігі жоқ. Сол себепті «Мектебіме тағ­зым» шарасының жалғасы ретінде «Балаға лагерьге жолдама сыйлаңыз!» шарасы өтті. Бұл кәсіпкерлерді отбасында мүм­кіндігі жоқ балаларға жаз­ғы демалыс сыйлауға шақы­рады. Таяуда павлодарлық оқу­шы­лар Бурабай демалыс айма­ғындағы «Burabay Summer Fest» халықаралық балалар мен жасөспірімдер телеви­зиялық фестиваліне аттанды. Жас өнер­паздар қатарында 11 жеке орындаушы және би ансамблі бар.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Багаев көрмесі Қостанайға келді

Руханият • Бүгін, 18:01

Әрбір донор – батыр

Медицина • Бүгін, 17:07

Дарынды түлек Дарина

Қазақстан • Бүгін, 15:36

Арыста медициналық штаб құрылды

Аймақтар • Бүгін, 13:23

Дзюдошылар үш жүлде алды

Спорт • Бүгін, 12:43

Көкке қол созған саңлақ

Қоғам • Бүгін, 10:18

Қараша қазға қамқорлық

Қазақстан • Бүгін, 10:16

Қаламгерлер арасындағы турнир

Қазақстан • Бүгін, 10:14

Айбынды жастар анықталды

Қазақстан • Бүгін, 10:10

«Ақбас» тұқымынан артығы жоқ

Аймақтар • Бүгін, 10:04

Электронды сауда қызып келеді

Қазақстан • Бүгін, 10:01

Тіл – ортақ, тілек – бір

Қоғам • Бүгін, 09:55

Серт пен сенім

Президент • Бүгін, 09:35

Елден елдің несі артық?

Қоғам • Бүгін, 09:28

Жаңа технологиялық соғыс

Әлем • Бүгін, 09:21

Ұқсас жаңалықтар