Қазақстан • 15 Тамыз, 2018

Қарулы күштерінің сержанты ер-азаматқа лайық батылдық жасады

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Белгісіз затты детонациялау салдарынан жарақат алған сержант М. Ахметовтің арқасында 9 әскери қызметкер құтқарылды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі.

Қарулы күштерінің сержанты ер-азаматқа лайық батылдық жасады

«Сержант М. Ахметов белгісіз затты детонациялау салдарынан алған жарақаттарына қарамастан, шеберлігі мен жылдам әрекет етуінің арқасында КамАЗ-ды өздігінен басқарып, лагерьлік жиынның қолбасшылығына оқиға туралы дереу хабар жеткізді. Дәрігерлер тоғыз  әскери қызметкерге ашық алаңда алғашқы медициналық көмек көрсетті», делінген хабарламада.

Белгісіз зат 14 тамызда «Қазақстан» оқу-жаттығу полигонындағы нысана аланын әзірлеу кезінде детонацияланды. Қазіргі уақытта әскери қызметкерлердің жағдайы бірқалыпты, оларға білікті мамандар медициналық көмек көрсетуде. Аталмыш дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.