Ақтөбе • 16 Тамыз, 2018

Ақтөбедегі вокзал маңы маскүнемдер мен қаңғыбастарға толы

59 реткөрсетілді

Кейде Ақтөбені мақтаған кезде теңеуге сөз таппай қалатынымыз бар. Өйткені бұл қаланың жыл сайын өсіп-өркендеп, қанатын кеңге жайып келе жатқаны белгілі. Мұны ешкім жоққа шығара алмайды.       G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАмхарскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГавайскийГаитянскийГалисийскийГолландскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКиргизскийКитайский ТрадКитайский УпрКорейскийКорсиканскийКурманджиКхмерскийКхосаЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийЛюксембургскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалаяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепальскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийПуштуРумынскийРусскийСамоанскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСиндхиСловацкийСловенскийСомалийскийСуахилиСунданскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФилиппинскийФинскийФранцузскийФризскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийШонаШотландский (гэльский)ЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАмхарскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГавайскийГаитянскийГалисийскийГолландскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКиргизскийКитайский ТрадКитайский УпрКорейскийКорсиканскийКурманджиКхмерскийКхосаЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийЛюксембургскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалаяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепальскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийПуштуРумынскийРусскийСамоанскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСиндхиСловацкийСловенскийСомалийскийСуахилиСунданскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФилиппинскийФинскийФранцузскийФризскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийШонаШотландский (гэльский)ЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Республикамыздың батысындағы үлкен шаһарда тұрғындар саны да жарты миллиондық межеден асып отыр. Әйтсе де әсем қаланың сиқын кетіріп жүрген бір жайт бар. Ақтөбе көлік-логистика қызметі оң жолға қойылған өңірдің бірі болғандықтан, мұндағы қозғалыс көп орындардың бірі – темір жол вокзалы. Бұл жерден пойыздар күн сайын еліміздің әр қиырына және Ресей мен Орталық Азия республикаларына қарай ерсілі-қарсылы өтіп жатады. 

Сол пойыздардан агломерация орталығы әрі республикамыздағы төртінші мегополис атануға лайықты қала Ақтөбе вокзалына түсетіндер де жеткілікті. Бұған қоса Ақтөбе қаласында республиканың және халықаралық деңгейде өтетін әртүрлі мәртебелі жиындарға келетіндер мен қала қонақтары қаншама? Олардың перроннан және Ақтөбе темір жол вокзалы ғимаратының алдынан ең алдымен кездестіретіні кімдер десеңізші? Ашығын айтқанда, маскүнемдер мен қаңғыбастар.

Бет-ауыздары күс-күс болып жарылып, азып-тозып кеткен әлгілер әрлі-берлі өткен жолаушыларға алая қарағанда, жаныңызды қоярға жер тапай қаласыз. Олардың кез келген уақытта домалай кетіп, қор ете қалатын мекендері де по­йыздан түскен жолаушылардың вокзал алаңына қарай өтетін темір қақпаның тұсы. Күндіз-түні Ақтөбе темір жол вокзалы маңайын торуылдап жүретін маскүнемдер мен қаңғыбастар бір-бірімен шекісіп, балағаттасып, жұдырықтасып жатады. Айқай-шу мен итжығыс төбелес те осы жерде. Бұған да жолаушылардың көздері үйреніп кеткен секілді. Оның бәрін әдеттегі, қалыпты көріністей көретіні байқалады. 

Сондай-ақ вокзалдың қалаға кіреберіс тұсында іркес-тіркес, әрқайсысы құр­қыл­тайдың ұясындай дәмханалар орналасқан. Бұл жерде де тәртіп жоқ. Маскүнемдер мен қаңғыбастар жолыңызды кес-кестеп, алақан жайып алдыңыздан шығады. Біз осы арада бір жолаушының ішіп отырған тамағын ала қашқан қаңғыбас қазақ әйелін кездестіріп, жағамызды ұстадық. 

Бір таңғаларлығы, Ақтөбе темір жол вок­залында орын алған осындай келеңсіз­діктерді реттеуге ешкім көңіл аудармай келеді. Абай атамыз айтқандай «баяғы жартас, сол жартас» күйінде қалып отыр. Мұндай сәтте жан-жағыңызға қарап ішкі істер органының өкілдерін іздейді екен­сіз. Ал полиция қызметкерлері вокзал маңы­нан көріне бермейді. Неге? Өйткені қаңғы­бастармен алысып-жұлысып жату олар үшін де тиімсіз болса керек. Ақтөбе темір жол вокзалы маңынан өзіміз көріп жүрген белгілі тұрағы жоқтардың дені қол-аяқ­тары балғадай, тепсе темір үзетін жандар. Дені – қандастарымыз. Тағы да ұлы Абай­дың сөзімен айтқанда, «адам баласын аз­дыратын жұмысы жоқтық» екенін алға тарт­қымыз келеді. Олардың бетін кері қай­тарудың бір жолы «екі қолға бір күрек» тауып беру емес пе екен? Бұл мәселе еңбекке орналастыру жөніндегі жергілікті құрылым өкілдерін ойландыруға тиіс. 

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Еділ мен Жайық суы араласты

Аймақтар • Бүгін, 10:04

Ұқсас жаңалықтар