Әлем • 21 Тамыз, 2018

Өзбекстанның Премьер-министрі жол апатына ұшырады

44 реткөрсетілді

Өзбекстанның Премьер-министрі Абдулла Арипов жол апатына ұшырады. Бұл турасында елдің бас прокуратурасы хабарлады.

Sputnik Өзбекстан басылымының жазуынша, апат 20 тамыз күні таңғы 9-30 шамасында Қарасу-Бука-Бекабад жолында болған.

«Damas маркасы көлігінің жүргізушісі Бекабада ауданына қарай жолға шыққан. Аяқ астынан көлікке ие бола алмай қалған жүргізуші қарсы бетте келе жатқан үкіметтік кортежге соқтығысып қалған», делінген прокуратураның баспасөз қызметі  таратқан хабарламасында.

Апатқа ұшырағандарға медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта бас прокуратура тарапынан қажетті тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, айтарлықтай ауыр жарақат алмаған Премьер-министр жұмысына оралған.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Еділ мен Жайық суы араласты

Аймақтар • Бүгін, 10:04

Ұқсас жаңалықтар