Технология • 25 Тамыз, 2018

Жоғарғы жылдамдықтағы радиотелеграфиядан әлем чемпионаты өтеді

46 app.timeкөрсетілді

Бүгін Астанада сағат 19.30-да «Оқушылар сарайында» жоғары жылдамдықтағы радиотелеграфиядан Әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтеді.

Қазіргі таңда байланыстың ғаламтор, мобильді байланыс сияқты түрлері өте кең таралғанымен, жоғары жылдамдықтағы радителеграфия өз өзектілігін жоғалтпаған. Бұрындары ол апаттық жағдайлар жайлы хабар беру мен алыстағы адамдардың бір-бірімен байланыса алуының негізгі құралы болған болса, қазіргі таңда радиоәуесқойлардың арқасында спорт түріне айналған. Бүгінгі күні біздің елімізде де бұл спорт түрі дұрыс жолға қойылып, күннен күнге дами түсуде. Оның дәлелі – елімізде алғаш рет 2018 жылдың 25-29 тамыз аралығында өтетін жоғарғы жылдамдықтағы радиотелеграфиядан 15-ші Әлем Чемпионаты.

Радиоспорт көп білімді талап ететін, жоғары интелектуалды техникалық спорт түрі болып табылады.

Жоғары жылдамдықтағы радиотелеграфия – радиоспорттың бір саласы. Оның негізі Морзе әліпбиінің көмегімен хабарламаларды қабылдау және жіберу болып табылады. Оның келесі түрлері бар:

  • Мағынасыз сандық, әріптік және аралас радиограммаларды тыңдау арқылы қабылдау;
  • Телеграфтық кілт көмегімен мағынасыз сандық, әріптік және аралас радиограммаларды жіберу;
  • Morse runner;
  • RUFZ.

Әлем Чемпионатына әлемнің 17-і елінен жиналған 150-ден аса адам қатысады және олар әр түрлі жас санаттарында бақ сынасады.

Жарыс кезеңдері IBIS қонақ үйінде 26 тамыз сағат 9 00 басталады. Барлық қызығушылық танытқан адамдарға жарысқа келіп, бәрін өз көздерімен көруге болады.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Еділ мен Жайық суы араласты

Аймақтар • Бүгін, 10:04

Ұқсас жаңалықтар