Әлем • 31 Тамыз, 2018

Еуропадағы құрғақшылық Чехияға қауіп төндіріп тұр

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуропадағы құрғақшылық Чехияға қауіп төндіріп тұр, деп хабарлайды tsn.ua.

Еуропадағы құрғақшылық Чехияға қауіп төндіріп тұр

Осы жазда Еуропада болған құрғақшылықтың салдарынан өзендерде «аштық тастары» көріне бастады. «Мені көріп тұрсаңдар, жылаңдар» деген жазуы бар осы тастар ежелде қиын қыстау кезеңі басталғанын білдіретін.

Себебі олар өзендер қатты құрғаған кезде ғана көрінетін. Сол жылы астық өнбей, халық аштықтың зардабын тартатын. Осындай тастар жақында Чехияның Дечин қаласы маңындағы Эльба өзенінде шықты.

Бұл өзендегі су деңгейі 155 сантиметрге түскенін көрсетіп отыр. Осындай жағдайда өзен бойымен кемелер жүре алмайды. Ал көне заманда Еуропада жүктер негізінен кемелермен тасымалданатындықтан, сырттан азық-түлік әкелу мүмкін болмайтын.