![Елбасы «Алматы Бас жоспары» ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды](/article_photo/1536055411_article_b.jpeg)
Қаланың 10 жүйесі мен республикалық жүйенің бірігуі шаһардағы автотрафик, қоғамдық көліктегі жүргіншілер ағынының күнделікті көлемі, мектептер мен балабақшалардың жүктемесі, қылмыстық ахуал жөніндегі мәліметтерді талдауға, сондай-ақ бюджеттің орындалуына мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматының голографикалық макеті үлкейтуге, имитациялауға және мегаполистегі түрлі үдерістерді модельдеуге мүмкіндігі бар 3D-проекция түрінде таныстырылды.
Қазақстан Президенті «Алматы Бас жоспары» ғылыми-зерттеу институтын аралап көрген соң Алматы қаласын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.