Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2018

Оқушыларға арналған көлік карталарын үйде отырып алуға болады- Астана ЛРТ

241 реткөрсетілді

Астанада мектеп оқушыларына арналған атаулы көлік картасын үйде отырып-ақ, transcard.kz сайты арқылы алуға болады, деп хабарлайды «Астана ЛРТ» компаниясының баспасөз қызметі.

«Мектеп оқушыларына арналған көлік карталары мектептерде де беріле бастайды. Соңғы екі күнде Қажымұқан 14 мекенжайында орналасқан «Астана LRT» ЖШС-ның орталық кассасында адамдар толып кетті. Бұл қарбаластың себебі - мектеп оқушыларына арналған көліктік картаға ие болу. 2018 жылдың 21 шілдесінен бастап ересектерге қоғамдық көлікте жүру құны - картамен 90 теңге, ал қолма-қол ақшамен 180 теңге, балалар үшін (7-15 жас) 40 теңге мен 90 теңге аралығында болып белгіленді.», - дейді «Астана ЛРТ» компаниясының баспасөз қызметі.

Жазғы уақытта (2018 жылдың 1 қыркүйегіне дейін) балалар билетін төлеу амалдарының қандай болатынына қарамастан 40 теңгеде қалдыру туралы шешім қабылданған болатын. Бұл уақыт ата-аналар атаулы көлікті карталарды алып үлгеруі үшін берілген болатын.

«Сонымен бірге, мамандандырылған кассаға бүкіл жаз бойы көлікті карта алуға ешкім келе қоймаған еді. Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев балаларға арналған билет құны уақытын тағы 15 күнге созуды тапсырды. Осыған байланысты балалар мен ата-аналарға ыңғайлы болу үшін орталық кассада толтыруға болатын анкета әзірленді. Сол жерде анкетаны қажетті құжаттармен бірге қалдырып кетуге болады. Сол арқылы мектеп оқушыларына арналған көліктік картаны алуға жол ашылады. Картаның дайын болғанын сіздерге телефон арқылы хабар беріледі. Осыдан кейін сіз ешқандай кезексіз дайын картаны алып кете аласыз», - дейді ұйым.

«Астана ЛРТ» компаниясынан хабарланғандай, мектеп оқушыларына арналған көлік картасын алу үшін transcard.kz сайтында өтінім қалдыруға болады. Аталған өтінім дубликат жасауға келмейді.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Іргелі ізденістер ошағы

Аймақтар • Бүгін, 09:36

Бірегей гибридті операциялық зал

Технология • Бүгін, 09:21

Оқу мен оқымаудың арасы

Әдебиет • Бүгін, 09:16

Жамбыл ескерткіші жаңғырды

Аймақтар • Бүгін, 09:15

Өзбек еліндегі өнер мәуесі

Руханият • Бүгін, 09:13

Ерен тоғайын сақтау парызымыз

Қазақстан • Бүгін, 09:11

Түйткілі таусылмаған туризм

Қазақстан • Бүгін, 09:03

Арам ойы іске аспады

Аймақтар • Бүгін, 09:00

Дениссіз өткен бір жыл

Спорт • Бүгін, 08:59

Қоқыс өңдейтін мекемеде болды

Аймақтар • Бүгін, 08:51

Даудың басы – Dragonfly

Әлем • Бүгін, 08:41

Атырау – Арыспен бірге

Аймақтар • Бүгін, 08:34

Сенім – мемлекеттің тірегі

Руханият • Бүгін, 08:31

Күтім болмаса, топырақ та тозады

Қазақстан • Бүгін, 08:25

Ерді сыйлар ел қайда?

Қоғам • Бүгін, 08:19

Тойтөбеге  саяхат 

Аймақтар • 20 Шілде, 2019

Ұқсас жаңалықтар