Кино • 05 Қыркүйек, 2018

Эмир Байғазиннің «Өзен» фильмінің әлемдік тұсаукесері Венецияда өтті

50 реткөрсетілді

Эмир Байғазиннің «Өзен» (Река) фильмінің әлемдік тұсаукесері кеше мерейтойлық 75-ші Халықаралық Венеция кинофестивалі шеңберінде өтті. Аслан туралы трилогияның соңғы бөлімі Sala Darsena  (Дарсена залы) кинозалында  көрсетілді.

Естеріңізге сала кетсек, «Өзен» көркем фильмі фестивальдің «Көкжиектер» (Горизонты) атты конкурстық  бағдарламасына қатысуда. Айта кетсек, бұл байқауда барлығы 19 кинотуынды бақ сынайды. Фильмді 1000-ға жуық көрермен тамашалады.

Көрсетілімнен кейін фильмнің режиссері мен актерлер көрермендермен тілдесті. Фильмді түсіру идеясының  пайда болуы туралы Эмир Байғазин Сүлеймен патшаның «адамның пейілі терең су тәрізді» деген сөздерін келтіре отырып, ниет болса, алдыңнан шығатын қиындықтарға қарамастан, өмірдің бақытын сезінуге болатынын айтты. 

Фильмде басты рөлдерді сомдаған актерлер де өз ойларымен бөлісіп, кейбір қиындықтар мен алдарына қойылған қатаң талаптарға қарамастан, түсіру алаңы ұнағандары туралы және осы фильмге түскендеріне қуанышты екенін жеткізді.  Жиналған көрермендер актерлердің жақсы таңдалғаны және олардың шеберлігі туралы сөз қозғады.   

Батыстың әлемге әйгілі басылымдары «Өзен» фильмі туралы жарыса жазып, оң пікірлерін білдіріп жатыр:

Hollywood Reporter:

Фестивальдерде үлкен табысқа ие болған Эмир Байғазиннің  «Асланның сабақтары» және «Төрт оқиға» фильмдерінен кейін,  жазушы-режиссер түсірген  жаңа фильм Аслан туралы трилогияның соңғы бөлімі. Бұл кинотуынды ерекше тәртіп пен айқындықты суреттей білген  режиссерлік шеберліктің шыңдалуының айқын дәлелі. Кейбіреулер бұл фильм эстетизацияға толы  деп айтуы мүмкін, алайда бұл туынды сезімге толы, адамды қызықтырып, меланхоликалық сезімге дуалай алатын жұмыс.

Screen International:

Байғазиннің жұмыстарында әрқашан  көзге көрінетін бір нәрсе бар. Ол жеке бостандық және  жауапкершілік, қызықтырушылық және отбасы қатынастары туралы сұрақтарды зерттегенде, оның  еркін  стилі ойлай алатын субстанциямен толықтырылады. Аталған тақырыптардың көрінісі басқа да кинематографистердің жұмыстарында  байқалады - Клер Дениден бастап,  Миклош Янсконың аллегориялық шығармаларында,  Жоау Педро Родригестің иконаға сыйынатындарға қарсы ойларында да кеңінен қолданылады.Терең  ойлы, әрі қиын тақырыпта түсірілген бұл жұмыс   адамның назарын өзіне бірден аудара алады.  

«Өзен» фильмі өркениеттен алыс  жерде тұратын, қаладан келген қонақтан кейін өмірлері күрт өзгере бастаған  бес ағайынды туралы баяндайды. Фильмнің түсіру жұмыстары Оңтүстік Қазақстан облысында жүргізілді.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар