Медицина • 05 Қыркүйек, 2018

Қарағанды тұрғыны рeспубликалық арбадағы би турнирінде алтын медаль ұтып алды

339 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қарағанды облысының тұрғыны Айгүл Балмағамбетова AKTAU OPEN PARA DANCE CUP 2018 респуликалық арбадағы би турнирінде алтын және күміс медальдарды ұтып алды. Осы жеңістің арқасында ол сонымен қатар Азия Чемпионаты мен Әлем Кубогына қатысуға лицензия ұтып алуға мүмкіндік алып отыр. 

Қарағанды тұрғыны рeспубликалық арбадағы би турнирінде алтын медаль ұтып алды

Айгүл 2015-ші жылдан бері бимен айналысып келеді. Осы уақыт аралығында ол түрлі сайыстарда бірнеше жүлделі орындарды иеленген, ал осы жылдың сәуірінде Астана қаласында өткен Қазақстан чемпионатында күміс және қола медальдарды жеңіп алған. Арбадағы биде басқа да би түрлеріндегідей қазылар алқасы биші тұла бойын қалай ұстай алатынына, ырғаққа бейімділігі, бидің күрделілігі мен оны орындау мәнеріне назар салады. 

- Арбадағы би – айтарлықтай қымбат құмарлық, себебі ол үшін арнайы арбалар қажет: жеңілдетілген және икемді, дөңгелектері бір бұрышқа иіліп онатылады да, арқасы төмен болады. Ондай арбаларды тапсырыс бойынша ғана жасайды. Мұндай жақсы бір арбаның құны шамамен бір жарым миллион теңгені құрайды. Бірақ бізге Қазіргі заманғы және спорт билері федерациясы үлкен қолдау көрсетеді, олар бізге арбаны қолдануға беріп, ал өткен жылы мүгедектік спорт мектебі осындай арбаны сыйға тартты. Сонымен қатар бізге Қарағанды облысының спорт басқармасы мен Айгүл тұратын Саран қаласының мүгедектер және психоневрологиялық дерттерге шалдыққан науқастарға арналған интернат көмектеседі, - дейді жаттықтырушы Күлшім Аталықова. 

Қазір Айгүл Қазақстан Чемпионатына дайындалып жатыр. Әзірге онда баруға мүмкіндік бола ма, жоқ па, белгісіз. Алайда қайткенде де жаттығулар жалғастырылады. 

Арбадағы би спорт түрі ретінде Қазақстанда 2009-шы жылы пайда болған. Қарағанды облысында ол мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өте танымал. Мұндай бишілерді Қазіргі заманғы және спорттық билер федерациясы, Қарағанды облыстық мүгедектер спорт мектебі мен Дене шынықтыру және спорт басқармасы қолдайды.