Қазақстан • 06 Қыркүйек, 2018

Астанада «Заманауи әлемдегі оқу мәдениеті» ІІІ Халықаралық Оқу Конгресі өтеді

575 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласының 20 жылдығына орай «Заманауи әлемдегі оқу мәдениеті» тақырыбындағы ІІІ Халықаралық Оқу Конгресін өтеді.

Астанада «Заманауи әлемдегі оқу мәдениеті» ІІІ Халықаралық Оқу Конгресі өтеді

Конгресс – кітап оқуды насихаттаудың әлемдік тәжірибесін талқылау, оқырмандардың және мәдени құзыреттілікті жақсарту, интеллектуалдық әлеуетті арттыру, кітапханалардың әлеуметтік-мәдени мекеме ретінде қызметін жетілдірудің пікірталас алаңы.

Іс-шараға әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Кадзуо Исигуро, танымал  жазушылар Януш Вишневский, Георгий Пряхин, қазақстандық Дулат Исабеков, Қабдеш Жұмаділов, Бексұлтан Нұржекеев,  Байбота Қошым-Ноғай, Маралтай Ыбыраев және Бақытжан Қанапияновтар қатысады.

Конгресс бағдарламасы Пленарлық отырыс және Секциялардағы жұмыс, сондай-ақ көпшілік алдындағы дәрістер, тақырыптық талқылаулар, треннигтер мен шеберлік сыныптарын қарастырады.                          Конгресс барысында Шыңғыс Айтматовтың 90-жылдығына арналған дөңгелек үстел өткізу жоспарлануда.

Іс-шара шеңберінде ҚР Ұлттық электрондық кітапханасының қорын толықтыру үшін сандық кітапханалық жинақтарды өткізу жоспарлануда.

Пленарлық отырысқа ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, ғалым-түрколог Әбдуақап Қара (Түркия, Стамбул), ғалым, аудармашы Хуан Чжонсян (Пекин, Китай), жазушы, журналист, Пряхин Георгий Владимирович, (Москва, Россия), Италия, Македония, Египет, Иран, Индия, Испания, Пакистан, Түркия, Әзербайжан, Белорусия, Франция елінің ақындары мен жазушылары, Шыңғыс Айтматовтың халықаралық қорының президенті (Ыстықкөл форумы) Асқар Айтматов Шыңғысұлы, (Қырғызстан), маркетинг коммуникациясының маманы, бизнесмен, блоггер Ержан Рашев, баспагер, журналист, бизнесмен, блогер Бейбіт Әлібеков, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мәдениет және өнер туралы  «СОДРУЖЕСТВО ИСКУССТВ» мемлекетаралық ақпараттық-талдамалық журналының бас редакторы Андрей Андреевич Блиок (Россия, Санкт-Петербург), Армениядағы «Комсомольская правда» және «Аргументы недели» газетінің директоры, «Иравнук» газетінің жарнама бөлімінің бастығы Вартан Спартакович Аствацатарян, Бразилия, Венгрия, Грузия, Болгария, Қырғызстан, Корея, Молдова, Латвия, Ресей және Ұлттық кітапхананың директорлары қатысады.