Әлем • 06 Қыркүйек, 2018

Төрт күннің қорытындысында қазақстандықтар 11 алтын алды

455 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүниежүлік көшпенділер ойындарының аясында өтіп жатқан күрестің әртүрінен өтіп жатқан сайыстарда қазақстандық балуандар медалдық қоржынға өз салымдарын қосуда.

Төрт күннің қорытындысында қазақстандықтар 11 алтын алды

38 мемлекеттің 131 спортшысы қатысқан қырғыз күресінде жерлестеріміз: Әлішер Мұханбетжанов (55 кг дейін) күміс, Мержан Берекетов (60 кг дейін)  күміс, Леонид Станеев (84 кг дейін)  күміс, Арман Қалиев (96 кг дейін) күміс, Құмар Қырғызбаев (66 кг дейін) қола медалдарды ұтып алды.

14 мемлекеттің 32 спортшысы қатысқан гореште (түркмен күресі) түркмендер әр түрлі категорияда 3 алтынды қолдан жібермеді.

Қазақстандық палуандар Әділет Шалғынбекұлы (62 кг дейін) және Амандық Абылай (обсолюттік салмақ) 3-орыннан жоғары көтеріле алмады.

Алғашқы төрт күннің қорытындысында қазақстандықтар 11 алтын, 15 күміс, 18 қола тағынып, ұлттық құрамалардың рейтингінде үшінші орынды иеледі. 26 алтын, 18 күміс және 16 қола медалмен Қырғызстан алға озды. 13 алтын, 8 күміс және 15 қола медалмен ресейліктер екінші орында келеді.

Назарбек Байжігітов,

Қырғыз Республикасы, Шолпаната қаласы