20 Ақпан, 2010

БИАТЛОНШЫ ҚЫЗДЫҢ ЕРЛІГІ

999 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Республика­сы­ның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов биатлоннан Қазақстан құрамасының мүшесі Елена Хрустал¿ваны Ванкувердегі қысқы Олимпиялық ойындарда күміс медальді жеңіп алуымен құттық­тады. Үкімет басшысының баспасөз қызметі. ОН ЕКІ ЖЫЛ КҮТТІРГЕН КҮМІС МЕДАЛЬ! Ерен ерлігіңе елің риза, Елена! Жеңісті жолың жерлестерімізге жұғысты болсын! БИАТЛОНШЫ  ҚЫЗДЫҢ ЕРЛІГІ Кеше Қазақстан Республика­сы­ның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов биатлоннан Қазақстан құрамасының мүшесі Елена Хрустал¿ваны Ванкувердегі қысқы Олимпиялық ойындарда күміс медальді жеңіп алуымен құттық­тады. Олимпиялық қалашыққа жіберілген құттықтау жеделхатын­да былай делінген: “Құрметті Елена Владимировна! Республика Үкіметінің, мил­лион­даған қазақстандық жанкүйер­лердің және еліміздегі спорттық қо­ғамның атынан Сізді Олимпиа­да­ның күміс медалімен шын жүре­ктен құттықтаймын! Сіз жеңіп алған жүлде біздің бә­ріміз үшін қымбат. Бұл – қазақ­стандықтардың қысқы Олимпиа­да­да он екі жылдық үзілістен соң қол жеткізген олимпиадалық медалі. Сіздің спорттық ерлігіңіз отандық спорттың даңқты жылнамасының тағы бір жарқын парағына айна­лады. Елена Владимировна, Сіздің жеңісіңіз құрама командадағы серіктеріңіз үшін лайықты үлгі боларына үмітім зор. Сізге сәттілік пен жаңа жеңістер тілеймін!” ОН ЕКІ ЖЫЛ КҮТТІРГЕН КҮМІС МЕДАЛЬ! Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК. ХХІ қысқы Ванкувер Олимпиадасы басталмас бұрын-ақ алдыңғы қос Олимпиадада, яғни, 2002 жылғы Солт-Лейк Сити мен 2006 жылғы Туринде медаль сың­ғырын естімеген еліміз құрамасы үшін бұл сыннан да қоржынымыз бос қайтар ма екен деген қауіп жергілікті жанкүйерлерді екі ұдай күйге түсірген-ді. Бұл тұрғыда мамандар алдын ала тон пішуден қашқақтап жүлде алу жөнінде жарытымды ешнәрсе айта алмаған. Мұның да өз себебі бар. Неге десе­ңіз, қысқы Олимпиададан ме­даль күтуге деген үміт азайғанына да 12 жыл болыпты. Сол азайған үміттің отын маздатып, ел құрамасына 12 жыл бойы сарғая күткен қуаныш келді. Күшпен келген күміс жүлде иегері – биатлоншы Елена Хрус­талева! 29 жастағы алматылық ару осыған дейін де үздік нәтиже­лермен ел мерейін асырып келген еді. Атап айтқанда ол Азияның 2 дүркін чемпионы атанған-тын. Әйелдер арасындағы 15 шақырымдық жекелей сында күміспен күптелген Еленаның бұл жетістігі артындағы үмітін үкілеп отырған бүкіл Қазақ елінің жетістігі десек те болғандай. Намысына қамшы басқан әлемнің менмін деген саңлақтарының арасында сынға түскен сырбаз қыздың үздік үштіктен қол бұлғауы ақ Олимпиа­даны теледидардан телміре қарап отырған спортсүйер қауымды ерекше серпілтіп тастады. Бейсенбі күні өткен жарыстың чемпиондық атағына норвегиялық Тура Бергер ие болса, қола жүлде Беларусь спортшысы Дарья Домрачеваға бұйыр­ды. 4 жердегі нысана көздеу шебі арқылы Уистлер­дегі биатлон трасса­сын­да өткен 15 шақы­рымдық атал­мыш жарыста Елена бір де бір қателік жі­бе­рмеді. Әртүрлі қа­шықтықта қойыл­ған 20 ныса­на­­ның бәріне дәл тигіз­ді. Сөйтіп, кү­міс жүл­д­е­­гер ал­тын­нан алқа таққан жеңім­паздан небәрі 20,7 секөнд кейін келді. Қай жағынан алып қарасаңыз да осы айтулы сында Елена қыз ерледі! Ванкуверде Қазақстан құра­ма командасына алғашқы медальді алып берді. Ақылдылықты да, жыл­дамдықты да, қырағылықты да, кере­мет күш-жігермен, рухты да талап ететін осынау дүбірлі додада жүлдегер атанған жерлесімізге қандай мақтау айтсақ та жараса­тын­дай. Ерен ерлігіңе елің риза, Елена! Жеңісті жолың жерлестерімізге жұғысты болсын!