Қазақстан • 08 Қыркүйек, 2018

Егор Каппель Ауыл шаруашылығы қызметкерлері салалық кәсіподағының жаңа төрағасы болып сайланды

52 реткөрсетілді

Астана қаласында Ауыл шаруашылығы қызметкерлері салалық кәсіподағының Салалық Кеңесі өтті. Осы Кеңеске ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының басшылық құрамы шақырылды.

Кеңес аясында Ауыл шаруашылығы қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы Әбубәкір Рахымжанұлы Сүлейменов Салалық Кеңес мүшелеріне денсаулығына байланысты лауазымнан уақыттан бұрын босату жөніндегі өтінішін қарастыруды сұрады және осы лауазымға Каппель Егор Яковлевичті ұсынды.

Кеңес мүшелері бірігіп атқарылған көп жылдық еңбек үшін алғыстарын білдірді.

Салалық кәсіподақтың Жарғысына сәйкес Салалық Кеңес осы ұсынысты қолдады және Ә.Р.Сүлейменовты денсаулығына байланысты лауазымнан уақыттан бұрын босатуға бірауыздан дауыс берді және Ауыл шаруашылығы қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы ретінде  Каппель Егор Яковлевичті сайлады.

Кеңесте Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы Бақытжан Әбдірайым сөз сөйледі және Ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағының Салалық Кеңесіне алғыс білдірді. 

Егор Каппель ауыл шаруашылығы саласында, басшылық қызметте  елеулі еңбек атқарған. Парламент Мәжілісінің IV және V шақырылымдарының депутаты болып табылады

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Алғашқы күн табысты болды

Спорт • Бүгін, 17:12

Білімдінің қолында алтын шырақ

Аймақтар • Бүгін, 17:08

UAE and Kazakhstan discuss bolstering ties

Саясат • Бүгін, 16:40

Ұқсас жаңалықтар