Аймақтар • 11 Қыркүйек, 2018

«Әбішев әлемі»

95 реткөрсетілді

Атыраулықтар бір ай бойы белгілі мүсінші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Бақытжан Әбішевтің қолынан шыққан құнды дүниелерді тамашалайды. Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде «Әбішевтің әлемі» атты көрме ашылды.  

Қазақ мүсін өнерінде өш­пес із қалдырған қылқалам шебе­рінің өмір жолы мен шығар­ма­шылығын насихаттауды мақ­сат еткен көрмеге мүсіншінің әр жылдары жасаған «Томирис», «Тұңғыш», «Салт атты», «Кез­десу», «Би», «Бүркітші» сын­­ды 16 мүсіні, қызы Сәнді Әбі­ше­ваның кескіндемелік туын­дылары қойылған.

Бақытжан Әбішевтің есімі еліміздегі көптеген ескерт­кіш­тердің авторы ретінде бел­гілі. Астанада Ататүрікке, Әлия Молдағұловаға, Жаяу Мұса­ға ар­налған ескерткіштері орналасқан. Тоқаш Бокин, Жамбыл Жа­баев, Кенен Әзірбаев, Әди Шә­рі­повтердің ескерткіштері Алматыға көрік беріп тұр. Атыраудың орталық алаңындағы Исатай мен Махамбет ескерткіші де мүсіншінің дара қолтаңбасын айқындайды.

Көрменің ашылу салтанатына қатысқан мүсіншінің зайыбы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңген әртісі Шәмшәгүл Меңдиярова: «Бақытжан жұмыс істегенде сыртқы формасына ғана мән беріп қоймайды, әр кейіпкерінің жан-дүниесіне терең үңіле біледі. Ақыл, жүрек және қол – осы үшеуі біріккенде ғана құнды дүние шығады дейтін. Әсіресе жүйрік тұлпарды жақсы көрді, сондықтан болса керек, оның туындыларының қатарында жылқы бейнесі көп кездеседі», дейді.

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Көш басында - Канело

Спорт • Кеше

Ауылда да субұрқақ бар

Аймақтар • Кеше

Шыңға біткен шынардай Шыңғыс еді!..

Руханият • 14 Маусым, 2019

Мерейі тасыған отбасы

Руханият • 14 Маусым, 2019

Бірлесіп күресуге шақырды

Саясат • 14 Маусым, 2019

«Реал» 303 миллион еуро жұмсады

Футбол • 14 Маусым, 2019

Олимпиада жолдамасын иеленді

Спорт • 14 Маусым, 2019

Еуропа ойындары басталады

Спорт • 14 Маусым, 2019

Демалыс аймағы ашылды

Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Мұражайлар фестивалі

Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Мейіргер Шархат

Аймақтар • 14 Маусым, 2019

Ұқсас жаңалықтар