Теннис • 11 Қыркүйек, 2018

Әлемдік рейтинг жаңартылды

156 реткөрсетілді

Үстел теннисшілерінің әлемдік рейтингі қайта жаңар­тылды. «ТОП-50» ойыншының қатарында Қазақ­станның жалғыз ғана өкілі бар. Еліміздің бірнеше дүркін чемпионы, Рио Олимпиадасына қаты­сушы және бірқатар халықаралық турнирлерде жүлде алып жүрген 21 жастағы Кирилл Гера­сименко үздіктер тізімінде 40-орынды иеленді.  

Әлемнің ең үздік ойыншылары көшін Қытайдың қос саңлағы – Фан Чженьдун мен Сюй Син бастады. Бүгінгі таңда бұл спортшылардың даңқы дүркіреп тұр. Атап айтсақ, 21 жастағы Фан Чженьдун – әлемнің төрт дүркін чемпионы және сол жарыстың үш мәрте жүлдегері. Әлем кубогын үш мәрте олжалап, 2014 жылы Инчхонда өткен Азия ойындарында бір алтын мен қос күміс медальді иемденді. 28 жастағы Сюй Син болса, Рио Олимпиадасының командалық сайысының жеңімпазы, әлем чемпионатында тоғыз рет топ жарып, үш рет жүлдегерлер қатарына қосылды. Әлем кубогында жеті мәрте теңдессіз деп танылып, Азия ойындарында бас жүлденің екеуін өз қанжығасына байлады. 

Үшінші орынға табан тіреген германиялық Тимо Болльда өте мықты ойыншы ретінде өзін әлдеқашан мойындатқан. 37 жастағы ардагер теннисші соңғы үш Олимпия ойындарының командалық сайысында жүлде алды. Соңғы 16 жылда ұйымдастырылған әлем чемпио­наттарына үздіксіз қатысып жүрген ол айтулы жарысты алты күміс және екі қоламен қорытындылады. Әлем кубогында екі рет алтын тұғырға көтеріліп, Еуропа біріншілігінде 17 мәрте дара шықты. 

Сонымен қатар үздік он ойыншының санатына қытайлық Линь Гаоюань, германиялық Дмитрий Овчаров, жапониялық Томакадзу Харимото, қытайлық Ма Лун, кореялық Ли Сан Су, бразилиялық Хьюго Кальдерано және гонконгтық Вон Чун Тин сынды саңлақтар еніп отыр. Есімдері аталған осы жігіттердің барлығы да аса ірі халықаралық додаларда жүлде алып жүрген сақа спортшылар. 

Жалпы, ерлер арасындағы ең озық 50 теннисші қатарында Жапонияның – 9, Германияның – 7, Қытайдың – 6, Оңтүстік Кореяның – 5, Тайпейдің – 4, Франция, Португалия, Швеция, Үндістанның – 2, Гонконг, Нигерия, Дания, Египет, Украина, Қазақстан, Хорватия, Испания, Англия, Бразилия және Аустрияның 1 өкілі бар. 

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Тойтөбеге  саяхат 

Аймақтар • Бүгін, 09:14

Қарсыласы қарымды

Кәсіпқой бокс • Кеше

Тандыр наннан шеге шықты

Аймақтар • Кеше

«Jastar kerýeni» жолға шығады

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар