Экономика • 11 Қыркүйек, 2018

«ҚМГ» жарты жылдықты қорытындылады

389 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қара алтын» нарығындағы Қазақстанның басты операторы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы биылғы алғашқы алты айдағы қаржылық және операциялық нәтижелерді жариялады.

«ҚМГ» жарты жылдықты қорытындылады

KASE ұсынған деректер бо­йынша компанияның қаржылай кірісі 10 279 миллион доллар­ды құрап, өткен жылдың бірін­ші жартыжылдығындағы көрсет­кіштен 62 процентке асып түскен. Алты ай ішіндегі таза табыс көлемі де былтырғы көрсет­кіш­пен салыстырғанда 32 процентке жо­ғарылап, 1 102 миллион доллар­ды құрап отыр. 

Компанияның осы кезеңдегі күрделі шығындары 542 мил­лион доллар болды. Бұл да өткен жылғы көрсеткіштен 33 процентке төмен көрсеткіш. 

Кәсіпорын осы уақыт ішінде өндірілген мұнай мен газ конден­сатының көлемін 11 769 мың тоннаға жеткізіп (тәулігіне 494 баррель), былтырғы көр­сеткішті 1 процентке асыра орын­дады. Алты айдағы табиғи және ілеспе газ өндірісінің ауқы­мы – 4 123 миллион текше метр­ге тең.

Арнұр АСҚАР,

«Егемен Қазақстан»