Аймақтар • 11 Қыркүйек, 2018

Түркістан облысында мақта терімі басталды

495 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Түркістан облысында мақта терімі басталды

Қыркүйек келді дегенше мақталы аудандарда жұмыс қыза түседі. Бау-бақша өнімдерінің жиын-терімі толық аяқталмай жатып, Жетісай ауданында мақта терімі басталды. Ж. Ералиев, Ш. Ділдабеков, Мақталы, Қарақай ауыл округтеріндегі ұсақ шаруа қожалықтарында мақта қолмен терілуде. 

Биыл ауданда 48220 гектарға мақта дәні себілген. Аудан шаруалары өнім былтырғыдан, яғни орташа есеппен әр гектардан 25 центнерден төмен болмайды деп  отыр. Мақта теретін 70-ке жуық «ДжонДир» комбайндары алқапқа шығуға дайындалуда. Сонымен қатар, аудан көлемінде ақ алтын жинауға арналған қабылдау бекеттері іске қосылуда.  

 

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Түркістан облысы