Қазақстан • 11 Қыркүйек, 2018

Жағажай волейболынан ел чемпиондары анықталды

126 реткөрсетілді

Алматыдағы Махматма Ганди атындағы саябақта волейболынан Қазақстан чемпионаты аяқталды. 22 мәрте жалауы желбіреген жарыста Алматы, Талдықорған және Ақтау қалаларынан келген 16 ерлер және 9 әйелдер командалары қатысты.

Ерлер арасындағы жарыстың финалдық сайысында алматылық қос ұжым «Буревестник-1» және «Буревестник-2» клубтары бас жүлдені өзара сарапқа салды. Барша көрермен назарын өзіне аударған аса шиеленісті айқас алғашқыларының пайдасына шешілді. Осылайша, құрамында Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко сынды әккі ойыншылары бар «Буревестник-1» ұжымы чемпиондық атақтарын тағы  бір мәрте сәтті қорғады. Алматылық Дмитрий Яковлев пен Сергей Богату жұбы күміс медальді иеленсе, ақтаулық Алексей Кулешов пен Александр Бабичевке арқа сүйеген  «Каспий» командасы қолаға қол созды.

Әйелдер сайысында Талдықорғанның «Жетісуі» жеңімпаз атанды. Халықаралық аренада мол тәжірибе жиған Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова жұбы жарыс барысында барлық қарсыластарынан басым түсіп, алтыннан алқа тағынды. Екінші және үшінші орындарда – Ақтаудың «Каспий» (Бақтыгүл Самаликова, Анастасия Уколова) және Алматының «Алматы ВК» (Таңсұлу Қайырбекова, Мадина Өтеулина) клубтары.   

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Баннер
Соңғы жаңалықтар

«Жас жалын» топ жарды

Спорт • Бүгін, 09:59

Қапастағы қолөнер

Аймақтар • Бүгін, 09:55

Турнирдің финалына шықты

Спорт • Бүгін, 09:49

Халық алдында есеп берді

Қоғам • Бүгін, 09:45

Тұңғыш рет топ жарды

Спорт • Бүгін, 09:40

Қаламгерлерді қуантты

Руханият • Бүгін, 09:37

Қарсыластардың осалы жоқ

Қысқы спорт • Бүгін, 09:29

Ерлік есеппен жасалмайды

Қоғам • Бүгін, 09:27

Жазғы универсиада мәреге жетті

Аймақтар • Бүгін, 09:18

Ортақ міндет – Отанға адал қызмет

Қазақстан • Бүгін, 09:15

«Құланнан» өрген құлындар

Аймақтар • Бүгін, 09:14

1 жылдағы белестер

Қазақстан • Бүгін, 08:48

Түркістанның түлеуі

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Шектен шыққан шиеленіс

Әлем • Бүгін, 08:33

Ұқсас жаңалықтар