Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2018

Ойыл қайда бұрынғы?!

315 реткөрсетілді

Ақтөбелік белгілі қаламгер Идош Асқаров еліміздің бас газеті «Егемен Қазақстанға» «Мені де ұмытпаңдар» деген тақы­рыптағы мақаласын ақ тары­­н­ың атасы Шығанақ Бер­сиев­­ке арнапты.       G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАмхарскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГавайскийГаитянскийГалисийскийГолландскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКиргизскийКитайский ТрадКитайский УпрКорейскийКорсиканскийКурманджиКхмерскийКхосаЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийЛюксембургскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалаяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепальскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийПуштуРумынскийРусскийСамоанскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСиндхиСловацкийСловенскийСомалийскийСуахилиСунданскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФилиппинскийФинскийФранцузскийФризскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийШонаШотландский (гэльский)ЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАмхарскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГавайскийГаитянскийГалисийскийГолландскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКиргизскийКитайский ТрадКитайский УпрКорейскийКорсиканскийКурманджиКхмерскийКхосаЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийЛюксембургскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалаяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепальскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийПуштуРумынскийРусскийСамоанскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСиндхиСловацкийСловенскийСомалийскийСуахилиСунданскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФилиппинскийФинскийФранцузскийФризскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийШонаШотландский (гэльский)ЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Расында, Ойыл ауданынан шығып, дәнді-дақыл­­дан дүниежүзілік рекорд қор­ға­­ған жалғыз адам бар, ол Шыға­нақ Берсиев еді. Оның рекор­д­тық гектарындағы әрбір сабақта қанша дән болатынын, оның салмағы қанша екенін жерді баптауы, тағы басқа да көрсет­кіштерін Мәскеудің акаде­мигі Лисенко басқаратын ғалым­дары біраз күн зерттеп, дәлелдеп, рекорд­тық гектардан 202 центнер өнім алғанын әлемге жар сал­ды. Ойыл өзенінің бойында сол жылдары ондаған тары өсіру­ші звено Шығанақ өсір­ген тары­ның тұқымынан 80-100 цент­нерге дейін астық жинап жүрді. Шығанақтың талай ізба­сар­лары Одаққа танымал атанды. Ғасырдан ғасырға озған тары өсіру­шілердің ерлігі естен шығу­ға тиісті емес еді. Ол кезде Ойыл өзенінің арнасы жыл сайын тасып, халықты берекеге бөлеп жата­тын.

Есімі көзі­нің тірісінде аңыз­ға айналған Шығанақ Бер­сиевтің өмірінде талай тар жол, тайғақ кешулер өтті. Ойыл ауданынан соғыс жылдарында Сталин қабылда­ған бір адам осы Шығанақ Берсиев еді. Ол өзінің жиған-терген қаржысын бір танк жасауға аударып, Сталиннің қабылдауында болған. Ал осы кезде Берия қол қойған Ақтөбе облысының НКВД-сіне түскен лимитте бүкіл Одаққа және шетелге танымал адамды тұтқындау айтыл­ған болатын. Содан НКВД басшы­лы­ғы ертең Шығанақ Берсиевті тұтқындаймыз деп дайындалып жатқан, таңертеңгілік Мәс­кеу­дің радио хабарынан Шыға­нақ Берсиевті Сталиннің қа­был­дағаны айтылғаннан кейін, НКВД дәрменсіздік танытып тынды. Көзі тірісінде Шығанақ Бер­сиевтің ажалдан бұрын өлуі­нен сақтаған бұл оқиға болса, екіншіден сол жылдары Шыға­нақ ес-түсінен айырылып, ауырып жатады. Осыны естіген бір азамат үйіне келіп, Шығанақтың аяғын сипап, жыламай ма.

Сол дауыстан Шығанақ: «Менде ұл да бар, қыз да бар, қайсысың жылап жатқан» деп басын көтереді. Содан әлгі жігіт: «Аға, менің жан­­ұямдағы жеті адам аштан өлгелі жатқанда азық беріп, тір­лі­­гі­мізді жалғастырдың ғой» деп көз жасын тыймайды. Расын­­да, соғыстың ауыр жыл­дарын­­да да елде аштық болды, ауру-сыр­қау, түрлі мүгедектер және Ойыл ауданындағы жетім балалар үйіндегі ондаған ұрпақты Шығанақ Берсиев өзінің жеке учаскесіндегі астықпен бағып-өсірді. Ол ұмытыла ма?

Бүгінгі өкінетініміз – Шыға­нақ Берсиевтің даңқты жыл­дарын­­да Ойыл өзенінің тасқын суы тартылып көрмеген-ді. Орал тауынан басын алатын Ақ өзен, Қара өзен, Қызыл өзендер­­дің тармақтары Қызылтауға дейін жетіп жығылады, оның кей­­бір салалары Ойыл өзені басын ала­тын Мұғалжар тауындағы бұ­лақ көзі аудан халқының қа­же­тіне толық жарады. Өткен ға­­сыр­­дың жетпісінші жылдарына дейін ақ тары өсірушілердің судан та­рық­пауы жүздеген ша­қы­рым­дап, елді мекендерді басып өтетін өзен жөнсіз бөгесін­ге ұшы­рамаған еді. Бұл да ақ тары­ның атасы болған Шығанақ Берсиев даңқының мәрте­бесі болатын. Ойыл тары­шы­лары соғыс жылдарында тон­нала­ған а­стық­­ты қызыл керуен атанды­рып, отан қоймасына үсті-үстіне жө­нел­тіп жатты. Тары­­ның бот­­­қа­­сын сұрапыл соғыс­та жүр­­г­ен та­л­ай жауынгерлер жегені анық.

Бүгінде әлемге Ойыл деген өзен­нің атымен танылған ауданда өзен-көлдерді сақтау қолға алынатын түрі жоқ.

Ойыл өзені бүгін де үзіліп-үзі­ліп біржола кебуге таяп қалған. Аудандағы ондаған көлдер кеуіп біткелі қашан, ол көлдерге саламенен жыл сайын су құятын өзен тар­тыл­ғасын не шара. Көршілес Ресей­де өзен-көлдерді ауық-ауық тазар­тады. Бізде ол жоқ.

Арынды Ойыл өзені кезін­де жолшыбай көлдерді толты­рып, Қызыл­қоға ауданының елді мекен­дерін басып өтіп, Жа­йық өзеніне құятын еді. Өзен жаға­лай Шығанақ Берсиевтің ақтары­шылары әлемдік рекорд жасап, Ойыл өзенінің байлы­ғын жұмыр жерге танытып еді. Бүгінде Ойыл өзені Жайыққа құймақ түгілі, Тасшағыл кең­шарының іргесіне барып тоқ­тайды. Өзегі талмай­тын өзен жағалағандардың бүгін­де қайғы-мұңы судың тасымай қалуы десек, ақын айтқан бір қай­ғыны қозғасаң, мың қайғыны қоз­ғайды болып шығады.

Уфа қаласының іргесіндегі Орал тауынан жыл сайын Қара өзен, Ақ өзен, Қызыл өзен ар­қылы тасқын су Ресейдің елді мекендерімен қатар, Ор қала­сы­на тиіп тұрған Қызылтауға келіп тоқтайды. Осы өзеннен бір салалары Ақтөбе облысының Мұғалжар тауындағы бұлаққа қосылып, Ойыл өзенін бұрын тасытып жататын, қазір Орға келген тасқынды суды су маман­дары тоғандар мен өздерінің көл­дері­не, су қоймаларына жіберіп тынады. Осындай оқиғаны өзен-көлдің жағдайын Ойыл ауданына әкімнің бірі келіп, бірі кетіп жатса да көңіл аударып, зерттеген жоқ.

Жыл сайын төтенше жағ­дай­ларға бөлініп жататын қар­жы өзен-көлдерді жаңартып, ха­лық­­­тың игілігіне жаратылса, бай­­лық-мұрат болар еді. Айт­пақ­­­­шы, вице-премьер-Ауыл шаруа­­­­шылығы министрі Ө.Шүкеев республикамыздағы өзен-көл­дердің жағдайын зерт­теп, түрлі жұмыстарды атқар­маса, талай өзен-көлден айыры­лып қала­тын қауіп белгілі болып тұр. Ауыл шаруашылығы ми­­нистр­­лігі өткен тарихымызда бол­­ған Одаққа, шетелге танымал бол­ған дала еңбегі ерлерінің даң­қын бүгінгі ұрпаққа жеткізу мақ­са­тында да талай жұмыстар ат­­қ­аруға тиісті. 

 

Табыл Құлыяс,

сатирик, жазушы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Қарсыласы қарымды

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:34

Полицей сәбиді құтқарып қалды

Аймақтар • Бүгін, 10:32

Тандыр наннан шеге шықты

Аймақтар • Бүгін, 10:14

Аптап ыстықта өрт көбеюі мүмкін

Аймақтар • Бүгін, 10:00

Игі істің игілігін көруде

Аймақтар • Бүгін, 09:55

«Жәрдем» жобасының жәрдемі

Аймақтар • Бүгін, 09:52

Жер құнарын жақсарту қажет

Қазақстан • Бүгін, 09:39

«Jastar kerýeni» жолға шығады

Аймақтар • Бүгін, 09:38

Жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

Қазақстан • Бүгін, 09:27

Қызыл қырғын құрбандары

Тарих • Бүгін, 08:48

Би бейнелеген Шыңғысхан шындығы

Руханият • Бүгін, 08:38

Майдан тудырған сөз

Руханият • Бүгін, 08:37

Жарамсыз жолдардың жыры

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Ұқсас жаңалықтар