Қазақстан • 12 Қыркүйек, 2018

Astana Marathon-2018 жыл сайынғы халықаралық марафоны өтеді

357 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

16 қыркүйек, жексенбі күні Астанада Astana Marathon-2018 жыл сайынғы халықаралық марафоны өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.  

Astana Marathon-2018 жыл сайынғы халықаралық марафоны өтеді

Спорттық шараға қатысуға Қазақстаннан және Германия, Ресей, Жапония, Италия, Өзбекстан, БАӘ, Швеция, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, АҚШ, Қырғызстан, Франция, Түркия, Аустралия, Кения, Эфиопия, Эритрея, Грузия, Люксембург және Испания сынды әлемнің 20 мемлекетінен 4000-ға жуық адам ниет танытқан.

Ұйымдастырушылар қатысушылар саны 5000-ға жуықтайды деп отыр, оның 320-сы – шетелдік агенттер. Марафон қашықтығының бағытын  IAAF (Халықаралық жеңіл атлетика федерацияларының қауымдастығы) сертификаттаған. «Astana Marathon-2018» жасы 18-ден асқан қатысушыларға 42.2 км, ал 16 және одан жоғары жастағыларға 10 км қашықтықты бағындыруды ұсынады. Марафонның ең қашық дистанциясын жүгіріп өтуге 6 сағат уақыт беріледі. Бұл регламентте үлгермеген атлеттер дисквалификацияланып, бағыттан алынады.

Марафонға қатысу үшін www.astana42k.com сайтында онлайн тіркеуден өту қажет. Марафонға қатысу құны 42.2 км дистанцияға – 8000 теңге, 10 км-ге – 4000 теңге. Қалыптасқан дәстүр бойынша жиналған қаражат қайырымдылық мақсаттарға бағытталады. Марафон 16 қыркүйек, жексенбі күні сағат 07:00 мен сағат 13:00 аралығында өтеді. Қатысушылар жиналатын орын: Рысқұлов к-сінің Түркістан к-сімен қиылысы, Р4 тұрағы (ЭКСПО-а қарсы) таңғы сағат 06:00-де. Атап өтерлігі, биыл Astana Marathon Халықаралық марафондар және жүгірулер қауымдастығына (AIMS) енді, сондай-ақ, Астанадағы жүгіру марафоны Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының Bronze Label құрметті сертификатын алуға үміттеніп отыр. Көптеген шетелдік агенттердің Astana Marathon-ды өтетін аумақтағы жердің жазықтығына және климатына байланысты таңдайды, өйткені бұл жағдайлар жүгірушілерге қашықтықты оңай бағындыруға және әлем рекордтар орнатуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, биыл Эфиопия, Кения, Эритрея және Уганда елдерінен қатысушылар саны көп. Еске салсақ, өткен жылы Astana Marathon Қазақстанның 22 қаласынан және 19 мемлекеттен 16 мен 80 жас аралығындағы 5 мың қатысушының басын қосты. Astana Marathon 2017 шарасына марафондық дистанцияларда жоғары нәтижелер көрсетіп келе жатқан Кениялық Саймон Кипругут Кируй (Simon Kiprugut Kirui) және Генри Кипсанг (Henry Kipsang) сынды алыс қашықтықтарды бағындыратын атлеттердің қатысуымен ерекшеленді. Astana Marathon-ның басталуына негіз болған қайырымдылық жүгірулер 2009 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде қазақстандық қайырымдылық ұйымдарға  жарыстарды өткізуден жинақталған 36 млн теңге қаржы аударылды.