Қазақстан • 12 Қыркүйек, 2018

Дәурен Абаев ITU Telecom World 2018 форумына қатыcып жатыр

475 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Оңтүстік Африка Республикасының Дурбан қаласында  өтіп жатқан халықаралық телекоммуникациялар одағының форумына қатысып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәурен Абаев ITU Telecom World 2018 форумына қатыcып жатыр

Халықаралық телекоммуникациялар одағының форумы корпорациялар мен жоғары технологиялар өндіруші компаниялардың өзара іс-қимылын жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған.  Шара аясында сандық технологиялардың көрмесі өтеді деп күтілуде.

Дәурен Абаев бұл форумда «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының іске асуымен бөлісті. Сондай-ақ ол шетелдік әріптестермен кездесіп, үкіметтік деңгейде сандық технологияларды дамыту және қауіп-қатерден сақтану жолдарын талқылады.