Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2018

Жаңа жоба – жастар үшін

319 реткөрсетілді

Бүгінгі таңда отандық журналис­тиканы дамыту күн тәртібіндегі мәселеге айналып отыр. Заман талабына сай жедел әрі сапалы ақпарат тарату, қоғамдағы мә­селелерге талдау жасау сияқ­ты дүниелер журналистің білік­тілігіне байланысты. Бұл мәселе төңірегінде жастарға көбірек тәжірибе алмасу маңызды. 

Осы орайда Қазақстан Респуб­ликасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры Қазақстан жастарының конгресімен бірге «Jas Qalam» жастар журналистикасын дамыту жобасын жүзеге асыруды бастаған болатын. Бұл ретте еліміздің журналистика саласында жетістікке жеткен журналистер қауымы жергілікті жерлерде шеберлік сабақтарын өткізіп, отандық баспасөз саласының бүгінгі деңгейін саралайтын болады.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемле­кеттік университетінің Тәуелсіздік залында «Jas Qalam» жобасының тұңғыш форумы өтті. Форум жұмысына өңірдегі барша жас журналистермен қатар, аталған университеттің Журналистика факультетінің студенттері қатысты. Жиынды Қазақстан жастары конгресінің төрағасы Тоқтар Болысов ашты. Әуелі Жамбыл облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мәди Мәтен сөз алып, отандық журналистиканың мәні мен маңызына тоқталды. «Әлбетте, білікті журналист мамандардың артуына тәжірибелі жоғары буын өкілдері ықпал жасауы қажет. Отандық бұқаралық ақпарат құралдарының танымал журналистерінің көп жылдық тәжірибелерін бөлісуі салаға қызығушылығы бар жамбылдық жастардың алға қарай дамуына оң әсер ететіні сөзсіз. «Журналистің арқалағаны алтын, жегені жантақ» деп Шерхан Мұртаза айтпақшы, журналистика – ауыр еңбекті, тынымсыз ізденісті, ұшқыр шеберлікті және терең білімді талап ететін мамандық. Соңғы кездері елімізде ғана емес, дүние жүзінде ақпа­раттық саланың рөлі артып келеді. Мемлекет тәуелсіздігін баянды ету, азаматтық, құқықтық, ізгілікті қоғамның қалыптасуына еліміздің баспасөзі орасан үлес қосып отырғанын Елбасымыз үнемі атап айтып, бағасын берумен бірге, журналистермен бірлесіп қызмет етудің үлгісін көрсетіп келеді», деді ол өз сөзінде.

Бұдан кейін республикалық «Жас қазақ» газетінің бас редакторы Срайыл Смайыл дәстүрлі журналистика төңірегінде әңгіме өрбітті. «Бүгінде дәстүрлі журналистика сақталып қала ма, әлде оның орнын әлеуметтік желідегі түрлі ақпараттар басып кете ме деген сауал елімізді ғана емес, әлемді толғандыруда. Мәселен елімізде болып жатқан түрлі жиындарда дәстүрлі журналистика қандай бағытта дамуы керек деген ой айтылып жатады. Дегенмен, бұдан былай да дәстүрлі журналистика сақталып қала береді деген ойдамын. Сонымен қатар журналистикада мамандану деген бар. Яғни кәсіпті жақсы көру арқылы өзі білетін сала бойынша еңбек ету. Қазір көп жастар қай тақырыпқа жазатынын білмей қиналады. Теория бойынша білім алып келген жастарға мамандану қиын», деді ол.

Сонымен қатар жиын барысында «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы «Мәселе» бағдарламасының авторы Нартай Аралбайұлы тележурналис­тика бойынша табысты бағдарлама түсірудің маңыздылығы жөнінде айтса, аталған бағдарламаның режиссері Жандос Қалтаев өзінің режиссерлік шеберлігімен бөлісті. Бұдан кейін жиналған жастар екі топқа бөлініп танымал журналистердің шеберлік сыныптарына қатысты. Мұнда да отандық журналистиканы дамыту мәселелері сөз болды. Жиын барысында болашақ журналистер іс жүзінде де тәжірибе алмасты.

Айта кетейік, 11 қыркүйек күні Тараз қаласынан бастау алған жоба 16 қыр­күйек күні Алматы қаласында, 25 қыр­күйекте Семей қаласында және 5 қазан күні Астана қаласында өтетін болады.

Хамит ЕСАМАН,

«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

«Crown Батыс» «Тұлпарға» айналады

Аймақтар • Бүгін, 16:28

Негізгі бағыттар айқындалды

Аймақтар • Бүгін, 15:00

Алматыда қойма өртеніп жатыр

Аймақтар • Бүгін, 09:28

20 жыл аңсаған алтын...

Спорт • Бүгін, 09:25

Сырттанов туралы сыр

Руханият • Бүгін, 09:23

«Алтын аймақ» – Ақмешітте

Руханият • Бүгін, 09:20

«Шаңырақтың» шапағаты

Руханият • Бүгін, 09:13

20 мыңға жуық адамның азабы – жол

Экономика • Бүгін, 09:11

Жұртым деп келген жеткіншектер

Руханият • Бүгін, 09:08

Тағылымы мол кездесу

Аймақтар • Бүгін, 09:03

Бақтың барар жері – ынтымақ

Аймақтар • Бүгін, 08:46

Тырнақалды туындының тың тынысы

Аймақтар • Бүгін, 08:42

Саф өнерге сұраныс жойылмайды

Руханият • Бүгін, 08:40

Әлеуметтік желілер: сөз бен көз

Руханият • Бүгін, 08:39

Аграрлық банк құрылса...

Экономика • Бүгін, 08:30

Жол құрылысына серпін берді

Саясат • Бүгін, 08:27

Ұқсас жаңалықтар