13 Қыркүйек, 2018

Немістің ТНК компаниясы Қазақстандағы АӨК жобаларына мүдделілік танытты

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Рэда-Виденбрюк қаласында «Kazakh Invest» басқармасы төрағасының орынбасары Марат Бірімжанның «Tonnies» компаниясының негізін қалаушы Клеменс Тонниеспен кездесуі өтті. Бұл ТНК Германияда ет өндіру және оны қайта өңдеу бойынша №1 компания болып табылады. Еуропада көш бастап тұр.

Немістің ТНК компаниясы Қазақстандағы АӨК жобаларына мүдделілік танытты

«100 қадам» ұлт жоспарын іске асыру мақсатында «Kazakh Invest» Қазақстанның экспорттық тауарларын құру және әлемдік нарықтарға шығуы үшін елдің қайта өңдеуші секторына әлемдік трансұлттық компанияларды тарту бойынша мақсатты жұмыстар жүргізуде.

«Tonnies» компаниясының жыл сайынғы айналымы шамамен 7 млрд АҚШ долларын құрайды. Компанияның 8 неміс және даттық өндірістері бар. Кәсіпорындарда 15 мыңнан астам қызметкерлер еңбек етеді.

Марат Бiрiмжан Қазақстандағы АӨКсаласының дамуы жайлы егжей-тегжейлі хабарлады және нақты инвестициялық ұсыныстар мен жобаларды таныстырды.

Өз кезегінде, «Tonnies» компаниясының негізін қалаушы Қазақстан аумағында сиыр еті, шошқа еті және құс етін өндіру бойынша бірлескен агроөнеркәсіптік жобаларды құру мүмкіндігін зерделеуге мүдделілік танытты.

Кездесу қорытындысы бойынша АӨК саласындағы ірі компаниялармен танысу және инвестжобаларды одан әрі пысықтау үшін Қазақстанға Клеменс Тонниес мырзаның сапары туралы уағдаластыққа қол жеткізді.