Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2018

Атырау қаласында kundelik.kz сайтының қолданушылары 3 есеге артты

569 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінде сайтты 40 мыңнан астам ата-ана мен 50 мың мектеп оқушысы қолданады , деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау қаласында kundelik.kz сайтының қолданушылары 3 есеге артты

Елбасының «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асқан жоба білім сапасын арттыру, бақылау және екі жақты байланыс орнатуға бағытталған. Ата-аналар балаларының оқу  үлгерімін мектепке келмей-ақ, электонды күнделік арқылы бақылай алады. Сайтта бұдан өзге әдістемелік әдебиеттермен қоса, түрлі кеңестер мен ақпараттар жүктелген.  

«Бүгінде электронды күнделік жүйесін қаладағы 57 мектеп пайдаланады. Қалада 58 700 оқушы білім алса, бұл көрсеткіш жалпы оқушы санының 83 пайызын құрайды. Жыл соңына дейін пайдаланушылар санын 100 пайызға жеткіземіз. Қағаз түріндегі журналды пайдаланбау туралы министрліктен арнайы бұйрық бекітілген болатын. Электронды күнделік арқылы ата-аналар сабақ кестесін, өткізілетін шаралар,ашық сабақ туралы мағлұматты біліп отырады. Яғни, бұл ата-ана мен мұғалім арасындағы байланысты орнататын жүйе болып табылады» -  дейді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейірім Қалауи.

Айта кетейік, kundelik.kz жүйесі 2016 жылдың 1 қыркүйегінде іске қосылған болатын.