Медицина • 13 Қыркүйек, 2018

Жазушы Зейнеп Ахметова жамбылдықтармен жүздесті

282 реткөрсетілді

Әулиеата өңірінде дүниеге келгенімен, бүкіл қазақтың қайсар ұлына айналған Бауыржан Момышұлы есімі ел үшін қастерлі. Көзі тірісінде аты аңызға айналған алып тұлға қазақ халқы үшін батырлық пен ерліктің нағыз үлгісі ретінде тарихта қалды. Сондықтан да ел арасында даңқты батырға деген құрмет пен тағзым ешқашан толастамақ емес.       G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАмхарскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГавайскийГаитянскийГалисийскийГолландскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКиргизскийКитайский ТрадКитайский УпрКорейскийКорсиканскийКурманджиКхмерскийКхосаЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийЛюксембургскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалаяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепальскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийПуштуРумынскийРусскийСамоанскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСиндхиСловацкийСловенскийСомалийскийСуахилиСунданскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФилиппинскийФинскийФранцузскийФризскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийШонаШотландский (гэльский)ЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАмхарскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГавайскийГаитянскийГалисийскийГолландскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКиргизскийКитайский ТрадКитайский УпрКорейскийКорсиканскийКурманджиКхмерскийКхосаЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийЛюксембургскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалаяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепальскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийПуштуРумынскийРусскийСамоанскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСиндхиСловацкийСловенскийСомалийскийСуахилиСунданскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФилиппинскийФинскийФранцузскийФризскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийШонаШотландский (гэльский)ЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Тараз қаласындағы «Жеңіс» саябағы жуырда қайтадан күрделі жөндеуден өтіп, көпшіліктің көз тоқтатып қарайтын орнына айналғаны белгілі. Саябақ ортасына Бауыржан Момышұлының еңселі ескерткіші орнатылып, сонымен қатар Жамбыл жерінен майданға аттанған мыңдаған жауынгерлердің есімі жазылған тақталар орнатылған болатын. Жуырда Әулиеата өңіріне батырдың келіні, жазушы Зейнеп Ахметова келіп, жамбылдық жұртшылықпен жүздесті. Әуелі батырдың еңселі ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. Сонымен қатар, «Жеңіс» саябағын аралап көріп, өзінің ризашылығын білдірді.

 Бұдан кейін Зейнеп Ахметованың қатысуымен «Баласағұн» орталық концерт залында көпшілікпен кездесу өтті. Даңқты батыр туралы тағылымды әңгімені тыңдауға жұртшылық көптеп жиналды. Аталған шараны Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған болатын. Кездесуді басқарма басшысы Берік Құрманғали ашып, еркін форматта жүргізіп отырды. «Зейнепті халық тәрбиеледі. Мен мына саналы ғұмырымда ата беделіне титтей дақ түсіріп, нұқсан келтірмеуге тырысып келемін. «Біреуді мақтасаң да, жағымпазданба. Біреудің кемшілігін айтсаң, көзіне тіке қарап айтатын бол» дейтін ата. Ол кісінің өсиеті бізге мұра. «Басында бұлағы бар өзен ұзақ ағады» демекші, біздің бастау-бұлағымыз – ата. Немере-шөберелеріне атаның әңгімелерін, өсиетін айтып, құлақтарына құйып отырамын», деді Зейнеп Ахметова өз сөзінде.

 Кездесу барысында Зейнеп Ахметова батыр туралы толғаныстарын айта келіп, ұлттық құндылықтар, салт пен сана, бүгінгі қазақ келіндері туралы да өз ойымен бөлісті. Осы орайда жұртшылық батырдың келініне сауалдарын ауызша және жазбаша түрде жолдап, тиісті жауап алды. Сонымен қатар, Жамбыл өңіріне келіп-кетіп жүргенімен, тұлға ретінде тұңғыш рет шақырту түскенін де айтып өтті. «Бұл менің жолым емес, Бақытжанның жолы еді. Амал нешік, тағдырдың жазуына кім қарсы тұра алған? Бақытжанның орнына өзім келіп отырмын. Осынау құрмет менің мықтылығым демеймін, атаның арқасы», деп кісілік жөнінен әңгіме өрбітті. Өз сөзінде жазушы ана тәрбиесі үлкен сабақ екенін, сондықтан да қазақ қыздарының инабатты, тәрбиелі болу керектігін жеткізді.

  Келесі күні Зейнеп Ахметова Тараз Мемлекеттік педагогикалық университетінде және Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде өткен кездесулерге қатысты. Мұндағы кездесу барысында да тағылымды әрі тәрбиелі әңгімелер айтылды. Сонымен қатар, Жамбыл атындағы «Руханият» орталығына да келіп, көпшілікпен жүздесті. Кездесуді Жамбыл облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев жүргізіп отырды.

  Зейнеп Ахметованың үш күнге созылған Жамбыл жұртшылығымен жүздесуі батырдың туған жері Жуалы ауданында жалғасын тапты. Мұнда батырдың келіні Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысып, батыр атындағы музейді аралап көрді. Сонымен қатар, аудан орталығы Бауыржан Момышұлы ауылындағы аудандық Мәдениет үйінде жұртшылықпен жүздесті.

Хамит Есаман,

«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы                               

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Қарсыласы қарымды

Кәсіпқой бокс • Кеше

Тандыр наннан шеге шықты

Аймақтар • Кеше

«Jastar kerýeni» жолға шығады

Аймақтар • Кеше

Майдан тудырған сөз

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар