Үкімет • 13 Қыркүйек, 2018

Үкімет басшысы бизнес ортаны жақсарту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бизнес ортаны жақсарту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрлігінің баспасөз қызметі.

Үкімет басшысы бизнес ортаны жақсарту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Кеңес барысында бизнесті дамыту және елдегі сауда қызметін реттеу жағдайларын одан әрі жетілдіру мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, кәсіпкерлік қызметті жүргізу, келісімшарттар жасау, миноритарлық инвесторларды қорғау, электрондық және биржалық сауда жүйелерін жетілдіру, агроөнеркәсіп кешеніндегі ішкі сауда-саттықты жақсарту, сондай-ақ сыртқы сауданы реттеу мәселелеріндегі ұлттық заңнаманы үйлестіруді көздейтін заңнамалық түзетулер пакеті қаралды.

Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов баяндама жасады. Сонымен қатар, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Досаев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М. Әбілқасымова, әділет министрі М. Бекетаев, сондай-ақ бейнеконференция байланысы арқылы ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары О. Смоляков пікір білдірді.