Сайлау-2012
Кеше Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының нормативтерін белгіледі. Ортсайлаукомның қаулысына сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына тіркелген әрбір кандидатқа республикалық бюджет қаражатынан сайлауалды үгіт шараларын өткізуге және көліктік шығыстарға 477 мың теңгеден бөлінетін болады. Орталық сайлау комиссиясының отырысында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес басқа жұмысқа ауысуына байланысты «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Б.Ә.Мұхаметжановтың өкілеттігін тоқтату туралы» қаулы қабылданды. Орталық сайлау комиссиясының төрғасы Қуандық Тұрғанқұловтың хабардар еткеніндей, Ортсайлауком 4 халықаралық ұйым мен 15 шет мемлекеттен тағы 145 халықаралық байқаушыны аккредиттеді. Осылайша, қазіргі сәтте Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша 244 халықаралық байқаушы аккредиттелген. Олардың 74-і – ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының, 102-сі – ТМД-дан байқаушылар миссиясының, 9-ы – ШЫҰ-дан байқаушылар миссиясының, 9-ы – Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы Кеңесінің, ал 50-і 19 шет мемлекеттің өкілдері болып табылады. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше