19 жасар Игорь Чжан үшін Әлем чемпионатындағы жарыс жаңа санаттағы болып отыр. Өткен жылы ол жасөспірімдер арасында болып Бергендегі біріншілікте 5-орын алып еді.
«Кешегі жарыс жақсы басталып еді. Бірақ соңғы 10 шақырым қалғанда артқы дөңгелектің жылдамдық ауыстырғышы істен шықты. Амал жоқ сосын қашықтыққа арналған велосипедке ауыстырып алдым. Ал ондай велосипед аэродинамика заңдылығы бойынша кішкене баяу болады. Нәтижесінде жарысты 48-болып аяқтадым. Әрине, өкінішті, мен қазір өте жақсы бабымда жүрген едім».
Ал қыздар арасындағы жарыста: Светлана Пащенко 27-ші, Анжела Соловьева 34-ші, Марина Курносова 38-ші болды.