Жазғы спорт • 26 Қыркүйек, 2018

Сатунда сайысқа түседі

191 реткөрсетілді

Кеше Таиландтың Сатун қаласында жағажай волейболынан әлем чемпионатына іріктеу турнирі басталды. 

28 қыркүйекке дейін созылатын айтулы жарыс барысында 16 мемлекеттен келген ерлердің 37 және 12 елден келген әйелдердің 27 командасы бақ сынауда. Құрлықтық деңгейдегі осы бәсекелер барысында ең көп ұпай қорын жиған жұптар келесі жылдың сәуір айында өтетін іріктеу кезеңінің шешуші сатысында күш сынасу құрметіне ие болады. Ал сол турнирде алғашқы төрт орынды иеленген командалар Гамбургте жалауы желбірейтін әлем чемпионатына жолдама алады.  

Таиландта өтетін додада Қазақстаннан үш ерлер және үш әйелдер жұбы өнер көрсетеді. Олар – Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко,  Дмитрий Яковлев пен Сергей Богату, Алексей Кулешов пен Александр Бабичев, Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова, Бақытгүл Самаликова мен Елизавета Еропкина және Алина Раченко мен Кристина Жук.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Байсал тартқан балалар өлеңі

Әдебиет • Бүгін, 08:30

Күзетшіге мұқтаж елміз

Қоғам • Бүгін, 08:25

Қыңыр кісі – бір жақ...

Аймақтар • Кеше

Айдаһар үңгірі

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар