Қазақстан • 27 Қыркүйек, 2018

Сыртқы сауда көлемі – 77 млрд доллар

475 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Астана қаласында Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) қосылу жөніндегі Жетінші дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Оған әлемнің 40-тан астам елінің өкілдері қатысты.

Сыртқы сауда көлемі – 77 млрд доллар

Астанада өткен дөңгелек үстел «Көпжақты сауда жүйесінің болашағына еуразиялық көзқа­рас: ДСҰ-ға қосылу және ДСҰ қағидалары» тақырыбымен өтті. Басқосуға қатысушылар атап көр­се­ткендей, бұл тақырып атал­ған аймақтағы қазіргі жағдай мен ал­дағы перспективаларды бағалау мақсатында белгіленді.

Қазақстан ДСҰ-ға 2015 жылғы қарашада бұл ұйым 162-то­лыққанды мүшесіне айналған еді. Еліміздің ДСҰ-ға қосылу жөніндегі келіссөздер үдерісі ДСҰ тарихындағы ең күрделі де бірегей келіссөз үдерістерінің бірі ретінде бағалануда. Осының нәтижесінде ұйым мүшелері Қазақ­станды сауда саясатын ха­лықаралық құқықтарға сәйкес жүргізетін, қолайлы инвес­тициялық ахуалы бар ел ретінде таныды. Қазіргі таңда Қазақстан әлемнің 185 елімен сауда қарым-қатынастарын дамытуда, еліміз­дің сыртқы саудасының 90%-і ДСҰ-ға мүше елдерге тиесілі болып отыр. 

Астанада өткен дөңгелек үс­тел барысында мәлім болған­дай, Қазақстанның сыртқы сауда көлемі 2017 жылы 77 млрд АҚШ дол­ларын құрады. Соңғы 10 жыл­да біздің елімізге тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 200 млрд АҚШ долларынан асты.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан»