Ақтөбе • 30 Қыркүйек, 2018

Ақтөбе облысында жыл соңына дейін 6 млн тонна мұнай өндіріледі

567 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ақтөбеде ҚР Парламенті Сенатының аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық  аумақтарды дамыту комитетінің көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды Ақтөбе қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Ақтөбе облысында жыл соңына дейін 6 млн тонна мұнай өндіріледі

Оның жұмысына ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, Энергетика министрлігінің, Инвестициялар және даму министрлігінің  өкілдері, Ақтөбе облысы әкімдігінің басшылығы, облыстық басқармалар мен департаменттердің, даму институттары мен үкіметтік емес ұйымдардың басшылары қатысты.

Отырыс барысында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекстің нормалары, сондай-ақ «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының орындалу барысы талқыланды. «Біздің облыстағы жер қойнауын пайдаланушылар аталмыш Кодекстің жаңа ережелерін оң қабылдап, белсенді түрде пайдалануда. Бүгінде біздің басты міндетіміз - жер қойнауын пайдаланушылардың барлық келісімшарттық міндеттерін орындауын қамтамасыз ету. Осы мәселе бойынша Энергетика, Инвестициялар және даму министрліктерімен бірге жұмыс жүргізіп жатырмыз. Нәтижесінде 2016 жылы - бес, 2017 жылы төрт жер қойнауын пайдаланушымен келісімшарт бұзылды», - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев. Жер қойнауын пайдалану саласында Ақтөбе облысы үшін, сондай-ақ геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және жаңа технологияларды қолдану да басымдық болып табылады. «Осы жылы өндірістерді жаңғырту мұнай мен газ өңдеу деңгейінің түсіп кетуін тоқтатуға мүмкіндік берді. Болжам бойынша, облыс жыл соңына дейін 6 млн тонна мұнай және 7 млрд текше метр газ өндіретін болады. Қазіргі таңда облыс бойынша  121 жер қойнауын пайдаланушы жұмыс жасайды. Біз олардың еңбектерінің тиімділігін арттыру үшін барлық тиісті шараларды қабылдап жатырмыз», - деп атап өтті облыс әкімі. Ол еңбек өнімділігін арттыру жұмыстары экономиканың барлық салаларында, соның ішінде ауыл шаруашылығы өнеркәсібі кешенінде жүргізіліп жатқандығын атап өтті. «Басты мақсат - Мемлекет басшысының экономика өсімінің қарқынын бәсеңдетпеу туралы тапсырмасының орындалуын қамтамасыз ету. Сегіз айдың қорытындысы бойынша ол 5% құрады. Әлеуметтік экономиканы дамытудың барлық негізгі көрсеткіштері өткен жылғылардан жоғары. Болжам бойынша, осы қарқын жыл соңына дейін сақталады. Соның ішінде, сегіз айда ауыл шаруашылығының өнімділігі 4,5 пайызды құрады. Бірінші кезекте, жер ресурстарын барынша пайдалануға тырысамыз. Жыл сайын 300-350 гектар пайдаланылмаған жерлерді мемлекет меншігіне қайтарамыз. Сондай-ақ, жыл сайын егістік жерлердің өсімін 10-15 пайыз қамтамасыз етіп отырмыз», -деді өңір басшысы. Отырыс кезінде  жер қойнауын пайдалануды оңтайлатуға және елдің инвестициялық тартымдылығын жақсартуға бағытталған шаралар талқыланды. ҚР Парламенті Сенатының аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық  аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі Мұхтар Жұмағазиев, ҚР энергетика вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің  жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры Руслан Бәймішев баяндамаларын оқыды.