29 Желтоқсан, 2011

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы №77/143

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2011 жылғы 28 желтоқсан  Астана қаласы

«Руханият» партиясының партиялық тізімін тіркеудің күшін жою туралы

«Руханият» партиясының партиялық тізімін ұсыну тәртібінің бұзылғаны туралы А.­Қ.Жа­ға­но­ва­ның өтініші бойынша Қазақстан Рес­публикасы Бас прокуратурасы жүргізген тексеру іс-шара­ла­ры нәтижелерінің негізінде, «Қазақстан Респуб­ли­касындағы сайлау туралы» Қазақстан Респуб­ли­касы Конституциялық заңының 89-бабы 6-тар­ма­ғының 4) тармақшасына сәйкес Қазақ­стан Респуб­ли­касы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау ко­мис­сиясының 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 72/133 қаулысымен тіркелген «Руханият» пар­тия­сының партиялық тізімін тіркеудің күші жойыл­сын.

2. «Руханият» партиясының атауы сайлау бюллетенінен алынып тасталсын.

3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құрал­да­рын­да жариялансын және облыстық, Астана және Ал­маты қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.

4. Орындалуын бақылау Қазақстан Респуб­ли­касы Орталық сайлау комиссиясының хатшы­сы Б.С. Мелдешовке жүктелсін.

Қазақстан Республикасы  Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қ.Тұрғанқұлов,

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы  Б. Мелдешов.