Аймақтар • 01 Қазан, 2018

Қызылордалық полицейлер ардагерлерге құрмет көрсетті

713 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Айтулы күнге орай, қызылордалық полицейлер салтанатты іс-шара өткізді. Іс-шараға ішкі істер органдарының ардагерлері, департамент және басқарма басшылары мен жеке құрам қатысты, деп хабарлайды Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметі.

Қызылордалық полицейлер ардагерлерге  құрмет көрсетті

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының 1990 жылғы 14 желтоқсандағы кезекті отырысында 1 қазан – Дүниежүзілік қарттар күні деп белгіленгеннен бері елімізде жыл сайын осы күн кеңінен аталып өтіліп, қарияларымызға құрмет көрсетіліп келеді.

«Қарттар күні» мерекесімен қатар ішкі істер органдарының ардагерлері Қызылорда ҚІІБ Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Алмағамбетұлы Жақсылық 75 жасқа және Омаров Арыстанбек, Омаров Сәрсенбай, Сағымбаев Әмірхан 70 жасқа толу мерейтойлары да тура келді.     

Өмірдің талай белестерінен  табысты өтіп, бүгінде алып бәйтеректей бір әулеттің ақылшы тірегі, ұжымның арқа сүйер ардагерлерін Қызылорда ОІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі Анарбаев Нұрлан Сансызбайұлы құттықтап, алғыс білдірді.

Қызылорда ОІІД жанындағы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбол Тұңғышбай және Қызылорда ҚІІБ Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Алмағамбетұлы Жақсылық ардагер Әбішев Жайлаубайды 70 жасқа толу мерейтойымен құттықтап, «ҚР ІІМ-нің құрметті ардагері» төсбелгісін тақты.

Сонымен қатар, шара барысында Қызылорда облысы ішкі істер органдарының зейнеткерлерін марапаттау туралы департамент бастығының бұйрығына сәйкес, ОІІД-нің «Құрмет грамотасымен» Шалғынбай Жетібай, Әбдіқалықов Ертай, Бекишев Ергали, Бекетов Бозжан, Қуатбай Сағынбек, Пак Леонид, Сағымбаев Әмірхан, Алмағанбетов Қожабек, Оспанов Сәрсенбай, Ерсеитов Сейтбек марапатталды.

«Нұр Отан» партиясы атынан аудан орталықтарынан келген ардагерлер Әлжанов Сәбит, Жүсіпбаев Төребай, Аманов Нұғман, Делманбетов Темірхан, Байжанов Берікбайға алғыс хаттар табысталды.

Салтанатты іс-шара полиция қызметкерлерінің күшімен дайындалған мерекелік концертке ұласты. Ұрпаққа игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытқан ардагерлер өз кезегінде іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.