Алтай – ата жұртымыз

Көп жылдан бері иісі түркінің атажұрты – Алтай жерін, оның тарихы мен табиғатын, ел-жұртының жағдайын жазып келе жатқан біз үшін Зырянның Алтай болып өзгеруі үлкен қуаныш! 

Егемен Қазақстан
02.10.2018 1038
2

Осыдан бірер жыл бұрын «Алтай – алтын бесік, ата жұрт» деген кітабымның тұсаукесері өтті. Сол тұсаукесер туралы интернетке шыққан ақпаратқа Ресейдің Вологда жағынан бір оқырман «При чем здесь казахстанский писатель? Алтай и Казахстан: какая здесь логика?» деп жазып жіберіпті. Қазақ азаматтарының арасында да білімді, намысшыл жігіттер баршылық қой. Әлгі  келіншекке дәлелді түрде бір азамат жауап қайтарған екен. Алтай – төрт мемлекетпен шектесіп жатқан, төртеуіне де тиесілі екенін жазып, картасына дейін салып, жауап қайтарыпты.

Көрдіңіз бе? Алтай десе, өзге жұрт өре түрегеліп, тұтастай өзіне тартқысы келеді. Алтай 4 мемлекетпен – Ресей, Моңғолия, Қытай және Қазақстанмен шектеседі. Бір қызығы – осы Алтайдың төрт жағында да қазақтар тұрады! Иісі Түркінің ата жұрты Алтайды тіпті корейлер, жапондар да ата жұрты санайды. «Алтайдан шыққанбыз» деп азуларын айға білейді. Сондықтан Алтайдай киелі жерге белгі салып қойғанымыз өте дұрыс болды деп есептейміз. 

Ежелгі Киев Русінен жер жәннатын іздеп, торғайдай тозып, арып-ашып монахтар келген замандарда Алтайды  Көктүріктер мекен еткен. Содан бері алтын Алтай барша түркінің ата жұрты, алтын тамыры, әз бесігі болып келеді. 

Зырян ауданы мен қаласын Алтай деп атау – туризмді дамытуға да үлес қосады. Себебі әлгі Алтайға ағылып жататын туристердің барлығы Алтай деген атауға еріксіз елеңдері сөзсіз. Әрі Зырян – өр Алтайдың ең бір құнарлы, қары қалың болса да қысы жайлы, жазы жаймашуақ өңірінің бірі. 

1791 жылы Алтай өңірінен Герасим Зырянов деген инженер түрлі металдар шығаратын кен орнын ашқаннан кейін осы атау берілген екен. Жалпы,  ХVIII ғасырдың ортасына қарай Алтайдың әр жерінде жер асты пайдалы қазбалары көптеп табылып, тау-кен кәсіпорындары өмірге келе бастады. Соған байланысты Шығыс Қазақстанға қоныс аударушылар саны да жылдан жылға арта түсті. Ол замандарда Ресейге қарасты өңірлерден табылған қымбат бағалы мыс кеніштері патшаның отбасы мен мемлекет монополиясында болатын. Осы ретпен Алтайдағы кен орындары да түгелімен Елизавета Петровнаға сыйға тартылады.  Сөйткен  Зырянның қазіргі қалпы да бәлендей емес екенін осыдан-ақ аңғаруға болар.

Тіпті бүгінгі күні ғаламтордағы Википедияда да, Зырян халқы негізінен орыс тілінде сөйлейді деп жазылыпты. Ал 2010 жылғы дерек бойынша, Зырян қаласының 78,18 пайызы орыс ұлтынан деп көрсетілген екен.  Сондықтан Зырянның Алтай аталуы баршамыз үшін зор қуаныш болып отыр. 

Жалпы, Шығыс Қазақстанда тәуелсіздік алғалы бері де мұрты сынбай тұрған атаулар жиі кездеседі. Мысалы, Глубокое  мекенін қазақтар ежелден Ақтасты деп атайтын, әлі күнге арасында аталып жатады. Міне, осылардың барлығын біртіндеп қазақшалап алсақ, нұр үстіне нұр болар еді. 

Әлібек АСҚАРОВ,

жазушы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.03.2019

Қостанайдың аудандары мен қалаларында елорданың жаңа атына орай акция өтті

26.03.2019

Қостанай облысында полицейлер азаматтық алып берді

26.03.2019

Сенат Төрағасы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Төрағасымен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Мамандар Қаламқастағы апат зардабын өрт ауыздықталған соң анықтамақ

26.03.2019

«Қаламқас» кен орнындағы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды

26.03.2019

Сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды

26.03.2019

Мен кешегі шалдарды түгел көрдім

26.03.2019

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы қаралды

26.03.2019

Сенат комитетінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралызаң жобалары қаралды

26.03.2019

Ақтамберді жыраудың басына кесене орнатыла ма?

26.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті

26.03.2019

Ержан Жылқыбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды

26.03.2019

Алмат Мадалиев Әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды

26.03.2019

#NurOtanTrends пікірталас алаңының кезекті отырысы өтті

26.03.2019

Францияның Бас Консулдығы «Франция мәдениеті» байқауын ұйымдастырды

26.03.2019

Алматыда алғашқы «Қыз Жібек аруы» байқауы өтті

26.03.2019

Академик Асқар Жұмаділдаев жасырған есебін шығарған СДУ студентіне 100 доллар сыйақы берді

26.03.2019

Байқау жеңімпаздары оңтүстікті аралайды

26.03.2019

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Алматы қаласына барды

26.03.2019

Нұр-Сұлтан – Токио бағытында рейс ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу