Үкімет • 02 Қазан, 2018

Бақытжан Сағынтаев Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің (ИАЖК) кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Бақытжан Сағынтаев Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

Отырыс барысында шетелдік инвестицияларды тарту, экономикалық өсім мен инновациялардың қозғаушы күші ретінде бәсекеге қабілетті экономикалық ортаны қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайлар мен әділ режимді құру мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, министрлердің осы жылдың 12 шілдесінде өткен отырыстың қорытындысы бойынша ИАЖК мүшелерінің ұсыныстарын пысықтау жөніндегі есептері қаралды. Әлеуметтік-мәдени салаға инвестициялар салу мәселелері көтерілді.

Талқылау барысында Қазақстандағы Америка сауда палатасының атқарушы директоры Д. Брэдбюри, ҚР-дағы Канада елшісі Н. Бруссо, ҚР-дағы АҚШ елшілігінің уақытша сенімді өкілі Т. Линг, ҚР-дағы Ұлыбритания елшісі М. Гиффорд, ҚР-дағы Халықаралық қаржы корпорациясының директоры К. Колберт, ЭЫДҰ бәсекелестік мәселелері жөніндегі аға сарапшысы С. Зигельски, Morgan Lewis заң фирмасының басқарушы серіктесі А. Шыңғысов сөз сөйледі.