Әлем • 02 Қазан, 2018

Донна Стрикленд - физика саласы бойынша Нобель сыйлығын иемденген үшінші әйел

563 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Донна Стрикленд - физика саласы бойынша Нобель сыйлығын иемденген үшінші әйел

Канадалық Донна Стрикленд – физика саласы бойынша Нобель сыйлығын иемденген үшінші әйел. Нобель сыйлығына ие болған алғашқы әйел – Мари Кюри. Ол 1903 жылы физикаға радиоактивтілік ұғымын енгізгені үшін алғашқы Нобель сыйлығын иемденді, 1963 жылы Мария Гёпперт-Майер де бұл тізімнен табылды. Енді араға 55 жыл салып Донна Стрикланд физика саласы бойынша Нобель сыйлығын иемденген әйелдер қатарында.

Бұл жеңісіне әріптестері америкалық Артур Эшкин мен франциялық Жерар Мурумен жетті. Олар лазерлік физика бағытында жұмыс жасаған. Доктор Эшкин биологиялық жүйелерді зерттеуге қажетті лазерлік техниканы дамытса, Стриклэнд пен Муру бұған дейін жасалған лазер импульстарынан қысқа жолын тапқан.

Нобель жүлдесімен қатар ғалымдарға 9 миллион швед кронасын табысталады. Донна Стрикленд қазіргі таңда Канаданың Уотерлу университетінің қызметкері.