![Мемлекет басшысы ең төменгі жалақы мөлшерін 1,5 есеге арттыруды тапсырды](/article_photo/1538716748_article_b.jpeg)
Мемлекет басшысы ең төменгі жалақы мөлшерін 1,5 есеге арттыруды тапсырды. «Бұл арқылы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақысы төмен 1,3 миллион қазақстандықтың кірісі өседі», деді Елбасы.
«Ең төменгі жалақы мөлшерінің өсуі - Қазақстанда 275 мың азаматтық қызметкердің табысын орташа есеппен 35 процентке көтереді», деді Елбасы.
Айта кетейік, Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы басталды. Биылғы Жолдау еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналған.