Қазақстан • 05 Қазан, 2018

Бизнесті қолдау үшін жыл сайын кемінде 30 млрд теңге бөлінеді

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бизнесті қолдау үшін жыл сайын кемінде 30 млрд теңге бөлінеді

«Бизнес өсімінің тұрақты өсім көзін қалыптастыру қажет. Жеке инвестицияны ынталандыру нарықтың бостандығын қамтамасыз етеді. Дәл осы бизнес жаңа жұмыс орындарын құрып, қазақстандықтардың басым бөлігінің кірісін арттырады. Бұл үшін біз келесі міндеттерді шешетін боламыз», - деді Мемлекет басшысы.

Осы ретте Елбасы 2010 жылы «Жол картасы-2020» бағдарламасының іске қосылғанын атап өтті. «Өңірлерге сапарым барысында бұл бағдарламаның тиімділігіне көзім жетті. Бағдарламаның жүзеге асырылуын 2025 жылға дейін созу қажет. Оны жүзеге асыру үшін жыл сайын қосымша 30 млрд теңге қарастырылуы керек», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Президент атап өткендей, бұл шаралар үш жылдың ішінде азаматтарымыз үшін қосымша 22 мың жұмыс орнын ашуға, бюджетке қосымша 224 млрд теңге алуға мүмкіндік береді. 3 трлн теңгенің өнімі шығарылады.