Қазақстан • 08 Қазан, 2018

Әр қазақстандықтың ойын жеткізді - Әлжан Шәмшідін

395 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елбасымыздың кезекті Жол­­дауындағы қомақты мәсе­ле­лердің арасында өзі­не керек ақпаратты түртіп ал­­ма­ған қазақ­стандық кем­де-кем шы­ғар.

Әр қазақстандықтың ойын жеткізді - Әлжан Шәмшідін

Солардың қата­рында өзім­нің назарымды аудар­ған бірнеше мәселе бар. Ол әри­не өз салама байланысты. Пре­­зи­денттің ауыл шаруа­шы­­лығы саласындағы ең­бек өнім­­ділігін арттыру үшін тех­ни­калық жабдықтарды барынша жаңарту, соңғы технологияларды үнемі қолданысқа енгізіп отыру, жыл сайын қо­сымша осы салаға 100 млрд дол­лар көлемінде қаржы бөлу туралы айтқандары көңілі­ме қонды. Сондай-ақ дайын ауыл шаруа­шылығы өнімде­рін экс­порттауға, ауыл шаруашылығы ғылымын дамытуға ерекше көңіл аударғаны қатты ұнады. 

Жалпы соңғы жылдары еліміздің ауыл шаруашы­лығы­ның аяқтанып кетуі үшін мемлекеттен бөлінген қаржының көлемі екі есеге ұлғайғанын айтқым келеді. Мәселен, тек ғы­лыми жұмыстарды жүргізіп, саланың инновациялық дамуына 7 жарым млрд теңге бөлін­ді. Жаңа технологиялық жаб­дықтармен қамтуға мемлекеттен 4 млрд-тан астам, ал база­лық қаржыландыруға 2,5 млрд теңге бөлінді. Жалпы алғанда, саланың ғылыми дамуы үшін зерттеу орталықтарына, ғылыми мекемелерге 14 млрд теңгеден астам қаржы құйылмақ. 

Елбасының мегаполистер мен ірі қалалар маңайында қай­та өңдеу зауыттарының өн­ді­рісін қолға алу туралы тапсыр­масы ауыл шаруашылығы саласының өкілдеріне, жалпы нарықта жаңа жұмыс орындарын ашу мүмкіндігін береді. 

Еліміздің экспортқа шығара­тын дайын өнімдерді жасап шығаруға әлеуеті мол. Қолбай­лау – Елбасымыз айтқандай жаңа кадрлар мен жаңа технологиялар жетіспеушілігі. Егер екеуін неғұрлым тезірек қолға алсақ, еліміздің ауыл шаруа­шылығы соғұрлым тез дамиды деген ойдамын.

Әлжан ШӘМШІДІН,

«Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-инновациялық орталығының» директоры