Білім • 09 Қазан, 2018

Жаңагүл Сұлтанова: Дамудың тетігі – білімде

173 реткөрсетілді

Қазақстан Республикасы Пре­­зиденті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа кезекті Жолдауына ерекше ден қойып, мұқият тыңдап шықтық. Мазмұны еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму бағытының өзекті мәселелеріне арналған бұл құнды құжатта ұрпақ тәрбиесі мен мұғалімдер қауымына қатысты да өте бағалы ойлар мен тың тұжырымдар ай­тылды. Атап айтқанда, бізді Мем­­лекет басшысының келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылдауы керектігі туралы байламы айрықша қуантты.

Елбасы өзінің сөзінде атал­ған заңның мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қыз­меткерлерін жемісті еңбек етуге ынталандыратын барлық те­тіктерді қарастыруы тиіс екенін атап көрсетті. Мұның ықпалында оқу орнындағы барлық жүктемені қысқартып, қызметтен тыс тексе­рістерден арылту тапсырылды. Соның ішінде мұғалімдерді елді мекендердегі барлық жұмыстарға қоғам­дық негізде тарта беруді тоқтату керек­тігі ашып айтылды. Иә, барлық жерде сайлау­ды өткізетін, оның бар­лық қиын­дықтарын көтеріп, үгіт-насихат науқанын жүргізуші болып табылатын мұғалімдер екені де рас. 

Президент өз сөзінде енді саладағы біліктілік талаптары, оқыту әдіснамасы, тәрбиешілер мен балабақшадағы өзге де қызмет­керлердің еңбегін төлеу жүйесі қайта қаралатынын алға тартты. Сондай-ақ Жолдау жолда­рынан біз биыл Білім және ғылым министрлігінің әкімдік­термен бірлесе отырып, тиісті Жол картасын әзірлейтінін де білдік. Мұның бәрі өскелең ұр­пақ­тың білімі мен тәрбиесін жақ­сар­та түсуге бағытталған нақты қа­дамдардың бірі екені анық. 

Жолдау арқылы біз, сондай-ақ респуб­ликада Назарбаев Университет секілді тағы бір іргелі жоғары оқу орны ашылғалы жатқанынан хабардар болдық. 

Нұрсұлтан Назарбаев сонымен бірге жоғары оқу орындарында кездесіп қа­ла­тын сыбайлас жемқорлық деректері жөнінде айтып өтті. Президенттің айту­ынша, тек нарыққа төтеп бере алатын жоғары оқу орындары ғана қалуы керек. Олардың арасындағы бәсеке таза кәсіби білікті­лік тұрғысында жүруі тиіс. «Жаһандық университеттермен ынтымақтастықты жалғастырып, Назарбаев Университеттің тәжірибесі бойынша әлемнің үздік топ-менеджерлерін тарту керек», – деді Елбасы.

Президент Жолдауда Үкіметке білім мен ғылымға қаржыландыруды арттыруды да жүктеді. Бізде қазір ғылымның ақсап тұрғаны рас. Мұны Елбасы дөп басып айтты. Ал әлемдегі дамыған елдердің көшінен қалмай жүру үшін ең алдымен ғылымды дамытуға тура келеді. Даму қашанда ғылымға байланысты. «Бес жылдың барысында білімге, ғылымға және денсаулық сақтауға арналған шығыстарды барлық көздерден елдің ішкі жалпы өнімінің 10 процентке дейін жеткізу керек» деген тұжырымды Мемлекет басшысы сондықтан да алға тартты. 

Қорыта айтқанда, Президент өзінің Жолдауында дамудың тетігі де, негізі де ғылымда, білімді ұрпақта жатқанын тайға таңба басқандай етіп айтып берді. 

Жаңагүл СҰЛТАНОВА,

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті департаментінің директоры,

PhD доктор

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ашық аспан астында - пианинолар

Аймақтар • Бүгін, 15:52

Медицина цифрландыруды таңдайды

Қазақстан • Бүгін, 10:16

Ашықтықтың артықшылығы көп

Аймақтар • Бүгін, 09:49

Құттықтаулар легі жалғасуда

Қазақстан • Бүгін, 09:46

Әлкей Марғұлан мұралары

Қазақстан • Бүгін, 09:42

Түлен түрткен түс

Аймақтар • Бүгін, 09:37

Сабыр түбі – сары алтын

Қоғам • Бүгін, 09:21

Құлманбетовтің қызыл алмалары

Аймақтар • Бүгін, 09:18

Қолқаны қапқан иістен құтыла ма?

Аймақтар • Бүгін, 09:16

Сырттан қаржы тарту қарқыны үдеді

Қазақстан • Бүгін, 09:14

Ұқсас жаңалықтар