Еуразиялық педагогикалық университеттер қауымдастығының халықаралық форумы өтті

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Үздіксіз педагогикалық білім беру мәселелері: дәстүр мен жаңашылдық» халықаралық форумы өтті.

Егемен Қазақстан
10.10.2018 1987
2

Үздіксіз педагогикалық білім беру және педагогикалық кадрларды даярлау жүйесін талқылау, ғылым мен инновацияларды қолдаудағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын дамытуды мақсат етіп отырған форум барысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов және шетелдік жоғары оқу орындарының ректорлары құттықтау сөз сөйлеп, негізгі мәселелерге тоқталды.

Абай атындағы ҚазҰПУ мен Мәскеу педагогикалық университетінің бастамасы бойынша құрылған Еуразиялық педагогикалық университеттердің қауымдастығы ЕЭО елдеріндегі білім және ғылым саласындағы интеграцияға бағытталған алғашқы мемлекетаралық қоғамдық ұйым болып табылады. Еуразиялық қауымдастықтың қызметі ғылым және білім беру гуманитарлық кеңістігін қалыптастыруға, ұлттық мәдениеттерді байытуға, өзара ықпалдастықтарды нығайтуға ықпал етуге мүмкіндік береді.

Форум жұмысында қазіргі үздіксіз педагогикалық білім берудегі дәстүр мен жаңашылдық, жоғары педагогикалық білім берудегі ұлттық ғылыми мектептер, заманауи ұстаздың кәсіби даму жүйесіндегі үздіксіз педагогикалық білім берудің рөлі, жаңартылған білім мазмұны бойынша мектеп пен жоғары оқу орындарында пәндерді оқыту әдістемесі, білім жүйесіне жаңа сандық және ақпараттық технологияларды енгізу негізінде педагогикалық кадрларды даярлау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар жетекші ғалымдарды тарта отырып, үздіксіз ғылыми байланыстарға қол жеткізіп, ұлттық білім жүйелері мен жоғары педагогикалық білім берудің негізгі үрдістеріне назар аудару,  жоғары педагогикалық білім беру сапасын жоғарылату саласындағы байланыстардың тиімді жолдарын әзірлеуге жәрдемдесу сияқты өзекті мәселелер бойынша мамандар пікір алмасты.

 

Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

14.12.2018

Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компаниялардың қызметкерлеріне марапаттар табыстады

14.12.2018

Қазақстан Президенті мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыру рәсіміне қатысты

14.12.2018

ШҚО Аягөз қаласында 600 орындық мектеп ашылды

14.12.2018

Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев кәсіпкерлермен кездесті

14.12.2018

Тәуелсіздікке тарту: Қызылордада балабақша ашылды

14.12.2018

Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қамқоршылық Кеңестің отырысы өтті

14.12.2018

«Аурухана клоунадасы» жобасы жүзеге асты

14.12.2018

Шағын және орта бизнесте көшбасшы

14.12.2018

Жайық өзенінің суы тұрғындарға қауіп төндірмейді

14.12.2018

Семейдегі «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығы арнайы кездесу өткізді

14.12.2018

Г.Әбдіқалықова мемлекеттік наградалар табыстады

14.12.2018

Самал Еслямова «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанды

14.12.2018

1991 жылдан бері қазақ жерінде 8,7 миллион сәби дүниеге келді

14.12.2018

Бурабайда «Қансонар-2018» халықаралық турнирі өткізілді

14.12.2018

Еуропа лигасы: плей-оффқа шыққан 16 команда анықталды

14.12.2018

Азаттықты айшықтаған аламан

14.12.2018

Президентке жасалған тартулар

14.12.2018

Батыс Қазақстанда жер қатынастары қызметі электронды форматқа көшті

14.12.2018

«Балуан Шолақ» көрерменімен қауышады

14.12.2018

Мемлекеттік марапаттарға ие болды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Baılyq jasaýshy sala

Árbir adam óz úıiniń ishinde qandaı zattar bar ekendigin jáne onyń qaı jerde turǵandyǵyn, qaı shkaftyń ishinde qandaı zattyń jatqandyǵyn, jertólesinde qandaı azyq túrleriniń saqtalyp turǵandyǵyn jaqsy biledi. Sondyqtan eshnársesin shashaý qaldyrmaıdy. Qajetine qaraı paıdalanyp otyrady. Al ózimizdiń ortaq úıimiz – Qazaqstanda qandaı zattar bar ekendigin, ásirese, jerimizdiń astynda qandaı mıneraldyq shıkizat kózderiniń shoǵyrlanǵanyn jáne olardyń qory qandaı ekendigin bilemiz be?

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу