Жолдауда кәсіби біліктілікке басымдық берілген - Руслан Жақсылықов

Қоғам тыныштығын қырағылықпен күзетіп келе жатқан қарулас достарымыз бен әскери салада қызметте жүрген әріптестеріміз және отандастарымыз жуырда ғана өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған, жарқын болашаққа жетелейтін тың бастаманың куәсі болды. Өйткені, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың халыққа арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы дәстүрлі Жолдауында біз сөз еткен мәселелер стратегиялық тұрғыда маңызды екені сөзсіз әрі бұл мақсаттар ел азаматтарына бірқатар жауапкершіліктер жүктейді.

Егемен Қазақстан
10.10.2018 1097
2

Жолдауда қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайларын жақсарта отырып, өмір сүру сапасын жоғары деңгейге көтеруге басымдық берілген. Ол үшін әрбір азамат тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіліп, отбасылық кіріс көздерінің біркелкілігі сақталуы қажет. Сонда елдің ішкі әлеуметтік даму көрсеткіші тұрақталып, мемлекеттік тұрғыдағы әлеуетіміз арта түседі.

Елбасының соңғы Жолдауында айқындалған бағыт-бағдарлар бойынша жұмыстар тиісті деңгейде жүзеге асырылса, Қазақстан азаматтарының тұрмысы түзелуі жалғасын таба түседі. Алайда, мұндай тапсырмаларды тиянақты орындау оңай шаруа болмасы тағы бар. Бұл ретте қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету ісінде құқықтық тәртіп әскерлерінің әрбір іс-әрекеті айрықша маңызға ие. Оған Президент Н.Назарбаевтың өзі жіті көңіл бөліп, әскерилердің әлеуметтік жағдайларының оң шешілуіне мемлекеттік тұрғыдан зор қолдау көрсетіліп келеді. Ең бастысы, «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп,  тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі түйінін тарқатуда. Сондай-ақ әскерилердің біліктілік санаты үшін де қосымша қаржы бөлінді. Мұны әскери маманның жауынгерлік қызметті атқару барысында ынталандыру тетігі ретінде қарастырған жөн.

Өйткені, «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында Мемлекет басшысы қоғам тарапынан білдірілген сенім деңгейі және халықтың өзін қауіпсіз сезінуі полиция жұмысын бағалаудың негізгі өлшемдері болуға тиіс екендігін айрықша атап өтті. Сол мақсатта «Қазақстанның бүкіл қалаларын қоғамдық қауіпсіздікке мониторинг жүргізу жүйелерімен жабдықтау керек» деді Н.Назарбаев.

Сонымен қатар, биылғы Жолдауда Президент еліміздің әлемдік қауымдастық алдындағы абырой-беделі мен бағындырған белестерін де тілге тиек етті. Осыған орай, Қазақстанның ішкі қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі негізгі күштік құрылым ретінде Ұлттық ұлан алыс-жақын елдермен әріптестігін тереңдетіп, халықаралық шеңберде тәжірибе алмасу ісін ілгерілетіп келеді.

Айталық, осы жылдың өзінде-ақ, Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының қолбасшылығы Түркия Республикасының Жандармериясының басшылығымен ресми кездесу өткізіп, өзара ынтымақтастықтың жай-күйін талқылады. Сол сияқты әскери бағытта білім беру ісі мен мамандарды оқыту мәселесін де ортақ шешім тауып, тіпті, Жандармерия мен әскери дәрежелі құқық қорғау органдарының Жерорта теңізі мен еуропалық қауымдастығы (FIEP) ұйымымен әріптестікті нығайту туралы да мәмілес жасасты. Оған қоса, Ресей Федерациясының ұлттық ұланы, Қытай Халық Республикасының Халықтық қаруланған полициясы, Әзербайжан мен Беларусь Республикаларының ІІМ ішкі әскерлері ведомстволарымен екіжақты ынтымақтастық жүйелі түрде нығайып келеді.

Жалпы, биылғы Жолдауда еліміздің экономикалық дамуы мен қоғамдық-әлеуметтік әлеуетіміздің артуы үшін кез-келген салада кәсіби біліктілікке басымдық берілгенін ескерсек, Ұлттық ұланның әскери идеологиялық бағыты Президент Жолдауында көрсетілген бағыт-бағдарлармен өзара ұштастырылған. Ұлттық ұланның 2017-2019 жылдарға арналған даму бағдарламасына сай, Қолбасшылықтың барлық құрамында «2018 жыл – кәсіби біліктілік жылы» ретінде бекітіліп, әскерилердің кәсіби-біліктілік дайындығын арттыруға баса көңіл бөлінуде. Себебі, дайындығы мығым, біліктілігі жоғары маман кез-келген сәтте туындаған мәселенің шешімін оңай тауып, түйінде тез тарқататыны белгілі.

 

Руслан ЖАҚСЫЛЫҚОВ,

Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.02.2019

Қарағанды облысында көпбалалы отбасыларды қолдаудың 10 қадамы жасалды

22.02.2019

Қостанайда әкім есебі жаңа ғимаратта өтті

22.02.2019

Қарағанды облысының тумасы Қазбек Нұржановтың құрметіне арналған 41-ші жеңіл атлетика жарысы өтті

22.02.2019

Қарағанды облысында 479 жоба іске асады

22.02.2019

Ұлттық валютадағы мәтін тек қазақ тілінде болады

22.02.2019

Sanofi - күдіктен ада компания

22.02.2019

Сенатор С.Айтпаева Германиядан келген делегациямен кездесті

22.02.2019

Қарағанды облысында көпбалалы отбасыларға тұрғын үй сертификаттары беріледі

22.02.2019

Ақтөбе облысында су тасқынына дайындық шаралары қабылданып жатыр

22.02.2019

Құралай Ахмет: Шет елде оқуға ынтасы бар кез келген адам «болашақтық» бола алады

22.02.2019

Жастар кәсіпкерлігіне арналған «Jas Business» семинары өтті

22.02.2019

Халықтың әл-ауқатын жақсарту – басты мақсат

22.02.2019

Жоғарғы сот жемқор судьяларды анықтауды күшейтеді

22.02.2019

Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасы әлем чемпионатында бақ сынайды

22.02.2019

Ерлан Қошанов көпбалалы отбасылар тұрғын үймен қалай қамтамасыз етілетінін айтты

22.02.2019

Мамандар: Денсаулық туралы жаңа Кодексті қабылдау бизнес үшін кедергілер туғызуы мүмкін

22.02.2019

Семейде «Нәджип Әмір» атындағы аудитория ашылды

22.02.2019

«Әбу-Даби Плаза» елордада жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді

22.02.2019

Милад Карими мен Аким Мусаев Мельбурндегі Әлем кубогінің финалына өтті

22.02.2019

Юлия Галышева бастаған Қазақстан командасы Жапониядағы әлем кубогіне қатысады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу