Қазақстан • 10 Қазан, 2018

Жолдау – кәсіпкерлер үшін нақты қолдау

739 реткөрсетілді

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылдың 5 қазан күні Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады. Жолдауды жаппай тыңдау Ақтөбе облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында ұйымдастырылды. Оған Өңірлік кәсіпкерлер палатасының, Облыстық кәсіпкерлік басқармасының мамандары, жергілікті бизнес өкілдері қатыстырылды. 

Елбасының бұл Жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне арналды. Жолдауда халықтың әл-ауқатын арттыру, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік саланы қолдау мәселелеріне баса назар аударылды. Елбасы, әсіресе, экономиканың негізгі қозғаушы күші саналатын шағын және орта бизнестің бүгінгі дамуына тоқталып, оны ары қарай жандандырудың негізі жолдарын айқындады. Мемлекет басшысы «Бизнестің жол картасы» бағдарламасын 2025 жылға дейін ұзартуды ұсынды.

«Бизнестің жол картасы» бағдарламасы 2010 жылдан бері жүзеге асып келеді. Менің өңірлерге барған іссапарларымда осы бағдарламаның тиімді жүргізіліп жатқанына көзім жетті. Сондықтан оны 2025 жылға дейін созу қажет. Оған жыл сайын мемлекеттен қосымша 30 миллиард теңге бөлінуі тиіс»,- деді Нұрсұлтан Назарбаев. Оның айтуынша, бұл бағдарлама үш жыл ішінде 22 мың жұмыс орнын құрып, бюджетке салық есебінен 224 млн теңге пайда әкелмек, сонымен қатар 3 трлн теңгенің өнімін өндіруге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Президент 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап,  шағын және орта бизнеске салықтық амнистия жариялауды ұсынды. Егер кәсіпкер негізі салықты төлейтін болса, оған бұған дейінгі салынған айыппұлдары мен үстемақылар жойылатын болады.

Президент бүгінгі жолдауда отандық тауар өндірушілердің өнімін қолдауға шақырды. 

«Экспортқа бағытталған индустрияландыру – экономикалық саясаттың алғышарты болуы тиіс. Үкімет экспортпен айналысатын тауарөндірушілерге назарын аудару қажет. Бұл ең алдымен , өңдеуші өнеркәсіпке қатысты болу керек», - деді Елбасы Н.Ә. Назарбаев.

Осы мақсатта ол барлық қазақстандықтарды отандық өнімді қолдануға шақырды. Бүгінгі жолдауда Мемлекет басшысы халықтың денсаулығы мен әл-ауқатын арттыруға басымдық беруді талап етті. Бұл үшін ЖІӨ 10% білім, ғылым, медицинаны дамытуға жұмсалатын болды. Сондай-ақ, Президент келесі жылы Мұғалімнің мәртебесі туралы Заң қабылдауды тапсырды. Сонымен қатар, ол халықтың денсаулығын жақсарту мақсатында тауарлар мен қызмет көрсетуді қадағалайтын арнайы комитет құруды ұсынды және аграрлық сектордың дамуына баса назар аудару керектігіне тоқталды.

Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауын тыңдауға қатысқан кәсіпкерлер өз пікірлерімен бөлісті:

«Бүгінгі жолдауда біраз түйткілді мәселелер көтерілді деп ойлаймын. Біз медицина саласының жүгін көтеріп жүрген бизнес өкілдері ретінде барлық мемлекеттік қолдауларға қатысамыз. Сондықтан, Мемлекет басшысының кәсіпкерлерге және әлеуметтік сала қызметкерлеріне назар аударуы біз үшін қуанарлық жайт. Енді осы айтылған мәселелерді белсенді жүзеге асыруымыз керек»,-дейді «Семейный врач и Ко» клиникасының басшысы Людмила Покотило.

«Елбасының тәрбиені бала-бақшалар мен оқу орындарынан бастау керек деген ойы ұнады. Шынында да адамның адам болып қалыптасуы балалықтан бастау алады емес пе? Жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру үшін мұғалімдер мен тәрбиелеушілерге қолдау көрсету керек. Әсіресе, жеке бала-бақшаларға көңіл бөлу қажет. Бұл жерде біз мемлекеттік тапсырыстар мен грант, субсидия бөлу туралы айтып тұрмыз. Біз бұл мәселені әрдайым көтеріп келеміз»,-дейді Ақтөбе облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Жанар Елеусізова. 

«Бизнестің жол картасы бағдарламасын 2025 жылға дейін ұзарту өте дұрыс шешім деп есептеймін. Өйткені жекелеген кәсіпкерлердің, әсіресе, ауылдық шаруалардың бизнесі үшін банктер несие бере бермейді. Бұл ретте мемлекеттің қолдауымен жеңілдетілген несие алу шаруаларға айтарлықтай көмек болып тұр. Ал салық амнистиясы туралы айтатын болсақ, айыппұлды төлей аламаған бизнес субъектілерінің жұмысы тоқтап қалған жағдайлар кездеседі. Осы жолдау арқылы олардың қайта жандануына мүмкіндік берілмек. Сонымен қатар, Ел президентінің тауарларын экспортқа шығаратын кәсіпкерлер туралы сауалына сапалы, бәсекеге қабілетті тауарөндірушілердің біздің өңірімізде көптеп саналатынын айтып өтсем деймін. Сапаны қадағалау ісі, әсіресе құрылыс саласына қажет-ақ. Осы мәселелерге орай, Жолдау кәсіпкерлердің көкейіндегісін дөп басты деуге әбден болады»,-дейді «Ақтөбе облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлерді қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің басшысы Нұрлан Махамбетов.

Кәсіпкерлер палатасы бүгінгі жолдауда айтылған мәселелерді бірауыздан мақұлдап, өз қызметтерінің барлық бағытында пайдаланатын болды.

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ең қысқа әңгіме. Қанат Әбілқайыр

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:33

Ең қысқа әңгіме. Арман Әлменбет

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:26

Күлкі керуені № 2

Руханият • Бүгін, 10:27

Қылқаламның ұшында – Қарағанды

Руханият • Бүгін, 09:48

«Қоянқасқа» тұлпар топ жарды

Руханият • Бүгін, 09:11

Қазақ дастарқанынан дәм татты

Аймақтар • Бүгін, 09:03

Баянғали туралы баян

Руханият • Бүгін, 08:52

Жаңа аялдамаға жаны қас

Аймақтар • Бүгін, 08:31

Жаңаөзенде жаңа жоба басталды

Аймақтар • Бүгін, 08:24

Тағзым мен тағылым тоғысқан той

Руханият • Бүгін, 08:19

Экономикада тұрақты өсім бар

Экономика • Бүгін, 08:06

Краудфандинг қазаққа да жат емес

Қазақстан • Бүгін, 08:00

Ұқсас жаңалықтар