Теннис • 10 Қазан, 2018

Мельбурндегі жарыстың жүлде қоры белгіленді

86 реткөрсетілді

Келесі жылдың 14-27 қаңтар аралығында теннистен Мельбурнде өтетін Австралияның ашық біріншілігінің жүлде қоры белгіледі.

Бұл турнирдің тұсауы сонау 1905 жылы кесілген болатын. Уақыт оза ол зор беделге ие болып, қазіргі кезде айтулы жарыста тек мықтылар ғана күш сынасуда. «Үлкен дулығы» санатына енген Мельбурндегі додада талай дарабоз теннисшілердің топ жарғанын жанкүйерлер жақсы біледі. Мәселен, биылғы жылдың басында ерлер арасында өткен бәсекеде даңқты Роджер Федерерге тең келер ешкім табылмады. Осылайша, Швейцарияның мақтанышы жасыл құрлықтағы жарыста алтыншы мәрте бас жүлдені олжалады. Әйелдер сайысында даниялық Каролина Возняцкидің бақ жұлдызы жанып, ол өзінің спорттық мансабында тұңғыш рет осындай орасан зор табысқа қол жеткізді. Осы жарқын жеңістерінің арқасында қос Федерер мен Возняцкидің әрқайсысы 4 миллион АҚШ доллары көлемінде сыйақыға ие болды.

Ал 2019 жылғы Австралияның ашық біріншілігінің жүлде қоры жүлде 42,7 миллион АҚШ долларын құрады. Ал сол мол қаржаттың теннисшілер арасында қалай бөліске салынатыны алдағы күндері белгілі болады.   

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Акварель әлемі

Руханият • Кеше

«Хат қоржын» (21.05.2019)

Қазақстан • Кеше

Дайындық қыза түсті

Аймақтар • Кеше

Ене мен келін

Қоғам • Кеше

Тәңірдің түркіге тартуы

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар